• kz

ШЫҰ БАҰ виртуалды кездсеуі

фото4.jpg

ШЫҰ БАҰ мүше банктердің 12 делегациясының 70-тен астам қатысушысы «ВЭБ РФ» мемлекеттік даму корпорациясы (бұдан әрі – ВЭБ РФ) ұйымдастырған семинарға қашықтықтан форматта қатысты, ШЫҰ БАҰ-ға қатысушы елдердің спикерлері бейнебайланыс арқылы қосылды. Ағымдағы жылы Ресей Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етеді, банкаралық бірлестік деңгейінде оның жұмысын ВЭБ РФ басқарады.

ШЫҰ қатысушы елдерінің даму банктері Covid-19 пандемиясынан туындаған ағымдағы экономикалық құлдырауға қарсы тұру жөніндегі семинар жұмысына белсенді қатысты. Семинар барысында баяулау кезеңінде экономиканы қолдаудың, сондай-ақ ұлттық валюталардағы сауданы қолдаудың, ШЫҰ кеңістігіндегі жобалық қаржыландырудың, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті және қалалық экономиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Семинарға ҚДБ Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов қатысып, алғы сөзін сөйледі.

Абай Сарқұлов ҚДБ жүргізіп жатқан жұмысы және Covid-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс жағдайында Банк қарыз алушылары үшін дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар туралы айтты.

Осы қиын заманда ШЫҰ БАҰ мүше елдердің алдында экономикалық дамуды қолдау және ШЫҰ БАҰ кеңістігі елдерінің экономикасын одан әрі тұрақтандыру бойынша маңызды міндет тұр. ШЫҰ елдерінің аумағында жобаларды бірлесіп қаржыландыруды белсенді түрде дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықта ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту, ШЫҰ аясында өзара қарым-қатынастар мен әріптестікті дамытудың, экономикалық байланыстарды тереңдетудің жаңа нысандарын табу қажет.

  - деп атап өтті Абай Сарқұлов.
фото 1.jpg

Қорытындылай келе Абай Сарқұлов семинар қатысушыларына семинар барысында табысты жұмысы мен тәжірибемен алмасқаны үшін, сондай-ақ ВЭБ РФ Басқармасының Төрағасы Игорь Шуваловқа ШЫҰ БАҰ тарихында алғаш рет қашықтықтан, бейнеконференция режимінде өткізілетін семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғысын білдірді.

ШЫҰ БАҰ 2005 жылғы 26 қазанда ШЫҰ мүше мемлекеттерінің экономикалық кеңістігіндегі инвестициялық жобаларды қаржылық қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету тетігін құру туралы ШЫҰ мүше мемлекеттерінің үкімет басшылары кеңесінің шешімін орындау мақсатында құрылды. Қызметтің негізгі бағыттары - инвестициялық жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру, ШЫҰ диалогы бойынша бақылаушы мемлекеттер мен әріптестердің уәкілетті қаржы институттарымен өзара іс-қимылды дамыту, ШЫҰ кеңістігінде жұмыс істейтін жетекші экономикалық құрылымдармен ынтымақтастық (ШЫҰ Іскерлік кеңесі, Еуразиялық Даму Банкі), кадрларды даярлау саласында тәжірибемен алмасу және ынтымақтастық.

ШЫҰ БАҰ құрамына ҚДБ-дан басқа ВЭБ РФ, Қытайдың мемлекеттік даму банкі, РСК Банк (Қырғыз Республикасы), HabibBankLimited (Пәкістан), Үнді инфрақұрылымдық қаржы компаниясы, Тәжікстан Республикасының «Амонатбанк» мемлекеттік жинақ банкі, Өзбекстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің Ұлттық Банкі кіреді. Диалог бойынша әріптестер - Еуразиялық Даму Банкі, «Беларусбанк» жинақ банкі және Монғолияның Даму Банкі.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметтің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту және жәрдемдесу. ҚДБ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08, +77011107007 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79