• kz

ҚДБ ой-талқысы

Фото страт сессия.png

Аталған сессия ҚДБ мүддесі үшін пікірталас және ақпараттық форум құру мақсатын көздеген еді. ҚДБ стратегия комитетінің төрағасы және сессия модераторы Марсия Фавале қатысушыларға арнаған сөзінде келесідей пікірімен бөлісті:

«Бұл ҚДБ-ның барлық қызметкерлері қатыса алатын инклюзивті жиналыс. Біз, тек басшылық өкілдері ғана «данышпан» таныла бермейтініне сенімдіміз. Оң конструктивті пікірі немесе ұсынысы бар әрбір қызметкерге мүмкіндік беретін ашық байланыс жолдары қашан да құпталатынын алға тартамыз. Бұл – идеялармен алмасу арқылы ҚДБ-ны одан әрі нығайту мақсатында барлығымыз үшін бірге жиналудың бірегей мүмкіндігі.»

Стратегиялық сессияның күн тәртібі мынадай мәселелерді талқылауды көздеді: жаңа болмысты ескере отырып, ҚДБ-ның 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясына өзгертулер туралы; пандемия кезеңінде жеке секторды қолдау, орнықты дамуға бағдарлану туралы; халықаралық озық тәжірибені және Банк қызметін оңтайландыру құралдарын енгізу туралы; стратегия және тәуекелдіктерді басқару шеңберінде неғұрлым тығыз өзара қарым-қатынастарды нығайту туралы; кадр саясаты туралы (кадрларды дамыту, өйткені ұйымның негізгі активі – адам ресурстары).

ҚДБ өңдеуші секторды дамытуға және қалпына келтіруге тікелей әсер ететін негізгі даму институты ретінде Қазақстан экономикасының сыртқы ортасы мен жағдайын жүйелі түрде талдап отырады. Сессия барысында ҚДБ аналитиктері, өнеркәсіп саласы Қазақстан экономикасының жетекші секторы болып табылатынын, оның негізгі үлесі тау-кен өндіру секторына тиесілі (55,4%) екенін, ол өз кезегінде экономикадағы жұмыспен қамтудың 3,2% қамтамасыз ететінін атап өтті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі ел экономикасындағы жұмыспен қамтудың 6,6% және жалпы қосылған құнның 11,4% қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, сессия барысында COVID-19 пандемиясының Қазақстан экономикасына әсері талқыланды. АДБ баяндамасына сәйкес, әлемдік экономика 5,8 трлн-нан 8,8 трлн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде шығынға ұшырауы мүмкін, бұл пандемия салдарынан әлемдік ЖІӨ- нің 6,4-9,7% баламалы, оның ішінде Орталық Азия шығындары – 21,1-ден 43,0 млрд АҚШ долларына дейінгі (немесе аймақтың ЖІӨ-нің 3,4-5,5%) шаманы құраған. ХВҚ COVID-19 таралуын тежеу шараларын қолдануға байланысты 2020 жылы Қазақстанның ЖІӨ-нің минус 2,5% дейін төмендеуін болжайды. KPMG-нің талдау нәтижелері бойынша Қазақстан экономикасының COVID-19-дан зардап шеккен сегменттері мен салаларына: ШОБ, азық-түлік емес бөлшек сауда, авиация саласы, мұнай-газ, тау-кен өндіру, көлік секторы, электр энергетикасы және қызмет көрсету саласы жатады.

Сессияда сондай-ақ ҚДБ-ның ел экономикасын әртараптандырудағы рөлі туралы айтылды. Банк өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы ірі жобаларды кредиттеуде үдемелі өсуді көрсетіп отыр. 2014-2019 жылдар ішінде Банк секторындағы рөлін арттырды. Жалпы экономиканың тұрақты дамуы үшін ұзақ мерзімді база болып табылатын қосылған құны жоғары жобаларды одан әрі қолдау қажеттігі туралы атап өтілді. Өз кезегінде ҚДБ менеджменті жобаларды қаржыландырудағы жеке сектордың үлесін ұлғайту, нарықтық көздерден қарыз алу үлесін арттыру бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

ҚДБ Қазақстанның негізгі алдыңғы қатарлы институттарының бірі ретінде цифрландыруды дамыту бойынша үнемі жұмыс істейді және бірқатар негізгі бағыттарда оны (жеке кабинет базасында ҚДБ контрагенттерімен өзара іс-қимыл процестерін қоса алғанда, ішкі процестерді автоматтандыруды) сәтті жүзеге асырды.

Стратегияны талқылау шеңберінде ҚДБ-ның жалғыз акционері, менеджменті және қызметкерлері ҚДБ-ның келешегіне қатысты маңызды, мықты жақтарын қамтитын бірыңғай пікірлерін білдірді.

ҚДБ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов, ҚДБ өнеркәсіп және инфрақұрылым саласындағы жобаларды уақтылы және жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ететін ірі инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды бағалау және құрылымдау бойынша елдің жетекші операторы болып табылатынын атап өтті.

«ҚДБ бүгінде ұлттық валютада үздік қаржыландыруды ұсынатын ұйым және халықаралық нарықтарда беделі танылған активтер мөлшері бойынша елдің ірі даму институттарының бірі болып қала береді. Сондай-ақ, ҚДБ корпоративтік клиенттер үшін ұзақ мерзімді және қымбат емес қарыз алу мен инвестицияларды тарту бойынша басты агент болып табылады», - деп ҚДБ басшысы пікірімен бөлісті.

ҚДБ-ның стратегиялық маңызды міндеті өңдеуші өнеркәсіп пен инфрақұрылымдағы жоғары әлеуметтік-экономикалық тиімділігі бар жобаларды қаржыландыру, ел экономикасын дамытудағы жеке сектордың рөлін арттыруға жәрдемдесу және «жасыл» экономикаға көшу процесін ынталандыруды қоса алғанда, орнықты даму қағидаттарын енгізу және сақтау болып табылатынын атап өту қажет. Сондай-ақ, Сессия барысында ҚДБ-ның агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, ақпараттық технологиялар, телекоммуникация, қоқысты қайта өңдеуді қоса алғанда, жасыл энергетика сияқты жобаларды дамытуға баса назар аудара отырып, өңдеу өнеркәсібін дамытуға қолдау көрсетуді жалғастыру туралы бұрын қабылданған шешіміне қолдау көрсетілді. ҚДБ бұдан әрі де ИИДМБ және 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруды және импортты алмастыру жөніндегі жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуді жалғастырады. Сонымен қатар, инфрақұрылымды, отандық экспорттаушыларды дамытуды қолдау, жобаларды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы жүзеге асыру ҚДБ басымдықтарының бірі болып қала береді.

ҚДБ сондай-ақ «жасыл» экономикаға көшу процесін ынталандыруды, тұрақты дамудың ESG факторлары деп аталатын экологиялық, әлеуметтік және басқару факторларын біріктіруді қоса алғанда, тұрақты даму қағидаттарын енгізуді және сақтауды жоспарлап отыр.

Жүзден астам қатысушысы бар сессия жұмысының аясында тікелей талқылау мүмкіндігін пайдалана отырып, аудиториядан Банктің тәуелсіз директорларына және топ-менеджментіне сұрақтар қойылды.

ҚДБ Стратегиялық сессиясын қорытындылай келе, тәуелсіз директорлар ҚДБ-ның стратегиялық дамуының негізгі тармақтарын түйіндеді, атап айтқанда Тәуелсіз директор Антонио Сомма, Тәуелсіз директорлардың Директорлар кеңесінің төрағасына ҚДБ қызметін жақсарту бойынша ұсыныстары бар хат жолдауы тәжірибесін мысалға ала отырып, корпоративтік басқаруды жақсарту бөлігіндегі үздіксіз жұмыстарға назар аударды. Сонымен қатар, мұндай тәжірибе ЭЫДҰ ұсынымдарында дамыған елдерде және әлемдік озық компанияларда қолданылатын үздік стандарт ретінде болғанын атап өтті.

Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Анвар Сәйденов, стратегиялық сессияны ұйымдастырудың жоғары деңгейін, жоғары кәсіби талдауды, есептілік пен жоспарлауды атап өтіп, ҚДБ корпоративтік басқаруының жоғары деңгейі туралы пікірін білдірді.

Тәуелсіз директор ретінде Марсия Фавале, Банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің ҚДБ-ның әрбір қызметкері өзінің сұрауларын тәуелсіз директорларға жібере алатындығына назар аудара отырып, кері байланыспен жаңа мәселелерді талқылауға дайын болуға ашық және әзір екендігін атап өтті, өйткені олардың негізгі рөлі бірлескен жұмысты жан-жақты жақсарту үшін компанияның мақсаттарына қызмет ету болып табылатынын алға тартты. Сонымен қатар, Фавале ханым ҚДБ-ның мықты корпоративтік мәдениеті институционалдық негіз ретінде жаңа стратегияны сапалы жүзеге асыруды қолдайтынына сенім білдірді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79