• kz

Қарағанды ферроқорытпа зауыты YDD Corporation өндіріс көлемін арттыруда

фото завода.jpeg

Зауыт құрылтайшылары Е.З. Нигматулиннің, Д.Я. Кемертелидзенің және Ж.Д. Аппаздың айтуынша, мұндай жетістік бизнес-процестерді тиімді құрылымдауда, көлік логистикасы схемасын уақтылы оңтайландыруда, өндірістік циклдерді сауатты құруда, сондай-ақ өткізу саясатында жатыр.

Үшінші пештің қуаты 85,5 МВА құрайды, оны пайдалануға енгізумен «YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытының жалпы өндірістік қуаты 30% - ға артып, жылына 180 мың тоннаны құрайды.

- «Бүгінгі таңда YDD Corporation командасы үшін айтулы күн, өйткені біз пешті шетелдік мамандардың көмегінсіз алғаш рет іске қостық. Сондықтан да мен зауыттың өнімділігін арттыру бойынша жоспарларды жүзеге асыра алған қызметкерлерімізге, серіктестерімізге, мердігерлерімізге алғысымды білдіргім келеді. Бұл кәсіпорында Made in Kazakhstan тауарларын халықаралық деңгейге шығара алатын жоғары білікті мамандар еңбек ететіндігін тағы да дәлелдейді. Зауыт өнімі сапа саласындағы ең жоғары әлемдік талаптарға сәйкес келедіПандемия кезеңінде біз сату географиясын 15 елге кеңейтіп, Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін дамыта алдық. Қазіргі уақытта зауыт әлемнің 37-ден астам еліне өнім экспорттайды. Бүгінгі таңда Жапония, Оңтүстік Корея, Еуропа, Америка және т.б. негізгі өткізу нарықтары болып табылады», - деп атап өтті «YDD Corporation» ЖШС құрылтайшысы Ерлан Нығматулин.

Ерлан Нигматулин.JPG

Covid-19 пандемиясының алғашқы толқыны кезінде өндірістің ағымдағы көлемін сақтап қалу компанияның акционерлері ауысымдық жұмыс кестесінен вахталық жұмыс әдісіне барлық қажетті жағдайларды жасауының арқасында мүмкін болды.

«Біз бүкіл әлемдегі жағдайға қарамастан, пешті іске қосу жоспарланған кестеге сәйкес жүргізілгеніне қуаныштымыз. Қарағанды ферроқорытпа зауыты — бұл әлемдік инвестициялық қоғамдастыққа Қазақстан экономикасының мүмкіндіктері мен Қазақстан Республикасының басшылығы өткізетін инвестициялық ахуал туралы message. Мен әлемнің түрлі елдерінде, соның ішінде дәстүрлі инвестициялық климат тартымды болып саналатын Еуропа елдерінде жұмыс істеуге мүмкіндік алдым. Алайда, әлемнің кез - келген жерінде мен мемлекет тарапынан инвесторлар үшін осындай ойластырылған және функционалды қызметті кездестірмедім», - деп түсіндірді құрылтайшы Дэвид Кемертелидзе.

Давид Кемертелидзе.jpeg

«Пандемия, әсіресе төтенше жағдай кезінде, халық үшін нағыз сынақ болды. Осындай қиын-қыстау кезеңдерде біз қарағандылықтар үшін қосымша жұмыс орындарын құра алдық. Үшінші пешті іске қосу, сөзсіз, аймақ үшін оң серпін болады және оң мультипликативті әсерге ие болады», - «YDD Corporation» ЖШС құрылтайшысы бөлісті Жармухамед Аппаз.

Жармухамед Аппас.JPG

Жобаның қазақстандық үлесі 95% - дан астамды құрады, жоғары технологиялық зауыттың құрылысын ірі инвестициялық жобаларды бағалау мен құрылымдауға маманданған елдің басты қаржы институттарының бірі – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) қаржыландырды.

«YDD Corporation зауыты ҚДБ - ның негізгі және көрнекі жобасы болып табылады, қарыз алушының жоғары төлем тәртібі үлгілі болып табылады, қызмет көрсету бойынша барлық төлемдер кесте бойынша мерзімде жүзеге асырылады. Пандемияның теріс салдарларына және бүкіл әлемде өндіріс қарқынының баяулауына қарамастан, кәсіпорын үшінші пешті іске қосып, өндіріс қуатын арттырады. Мұндай қадам аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуына жағымды әсер етеді. Егер ел ауқымында айтатын болсақ, ферросилицийдің жоғары технологиялық өндірісі республиканың экспорттық әлеуетін дамытады - біз үшін бұл өте маңызды» - деп атап өтті ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов.

Саркулов Абай.jpg

«YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытының құрылтайшылары - Ерлан Нигматулин, Давид Кемертелидзе және Жармухамед Аппаз қиын-қыстау кезеңде өздерінің азаматтық бастамасын және жоғары сана-сезімін танытты және алғашқылардың бірі болып мемлекетке сенімді иықтарын салып, отандастарына қайырымдылық көмек пен қолдау көрсетті. Компания төтенше жағдай кезінде мемлекеттің іс-қимылын қолдау үшін құрылған Қарағанды облыстық қорына 100 миллион теңге бөлді. Сондай-ақ, 100 оттегі концентраторына гуманитарлық көмек көрсетілді, пульсоксиметр және «Эноксапарин» препараты шілде айында Қарағанды облысының ауруханаларына коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін берілді. Тамыз айында емханалардың мобильді топтарының жұмысы үшін ауруханаға дейінгі кезеңде науқастарды тасымалдау және мониторинг жүргізу үшін және жедел медициналық жәрдем чемодандарымен жабдықталған 10 жеңіл көлік тегін берілді.

Естеріңізге сала кетейік, «YDD Corporation» ЖШС зауытының ашылуы 2019 жылдың шілде айында өтті. Негізгі бағыты - ферросилиций металдарының механикалық және коррозияға төзімділігін жақсарту үшін болат, шойын қорытпаларын өндіру және легирлеу кезінде қолданылатын жоғары сапалы ферросилиций (FeSi75) өндірісі. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна өнімді құрайды. Зауыт жаңа технологияларды қолдана отырып салынған, өндіріс процесі толығымен автоматтандырылған. YDD Corporation зауыты құрылысының жалпы құны шамамен 92 млн АҚШ долларын құрады. Жоба толығымен қазақстандық және еуропалық инвесторлардың жеке қаражаты есебінен, ИИДМБ шеңберінде ҚДБ-ның қарыз қаржыландыруын тартумен (жылдық 8,9% - бен 11 жыл мерзімге 24,1 млрд теңге) іске асырылды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79