• kz

Баспасөз хабарламалары

Макинск құс фабрикасы 2021 жылы 56 мың тонна ет өндіреді

1-391.jpg

Екінші кезек өндіріс қуатын жылына 25-тен 56 мың тоннаға дейін арттыруды көздейді. Құс фабрикасында 12 құс қорадан төрт бройлерлік алаң қосылды, сондай-ақ инкубатормен, жемшөп цехымен және құс етін өңдеу зауытымен және ет-сүйек бөлімшесімен толық жабдықталды.

Бүгінгі таңда құс фабрикасы бройлер балапандарының етін, жартылай фабрикаттар мен құс етінен жасалған субөнімдерді шығарады, өнімдер халық арасында үлкен сұранысқа ие. Құс фабрикасының өкілдері қуаттылықтың артуы елдің импортын алмастыруға және халықтың салқындатылған етті тұтынуының өсуіне тағы бір үлес қосатынын атап өтті. Макинск құс фабрикасының жалпы өткізу көлемі 2021 жылы 85 000 тоннадан астам тауық еті өнімін құрайды. Бұл ҚР тұтыну көлемінің 22% құрайды.

photo-34.jpgphoto-34.jpg

Фабрика өнімдерінің негізгі тұтынушылары-Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары. Географияны арттыру үшін 2021 жылы Алматы және Қостанай облыстары қосылады.

«Бизнесіміздің даму перспективаларына кәміл сенімдіміз. Ортамерзімді стратегиямыз қолымызда, сондай-ақ Қазақстанның даму банкі жағынан қолдау бар, мемлекет тарапынан өнімімізге инвестициялық субсидиялар қарастырылған. Жоспарларымызды іске асыруға дайын ұжымымыз да бар», - деді «Aitas KZ» АҚ вице-президентi Абай Беккереев.

photo-20.jpg

Макинск құс фабрикасы-бұл заманауи өндіріс, бұл гринфилд жобасы, нөлден бастап салынған. Инвестициялар бірінші кезекте 33,5 млрд теңгені құрады, онда ҚДБ қатысуы 16 млрд теңгені, қарыз алушының жеке қатысуы – 17,5 млрд теңгені құрады. Екінші кезекте 14,6 млрд теңге, меншікті қаражат – 3,4 млрд теңге және ҚДБ-дан қарыз қаражаты 11,2 млрд теңгені құрады. Жоба ИИДМБ-2 аясында қаржыландырылды.

«Макинск құс фабрикасы Бұланды ауданының басты қала құраушы кәсіпорны болып табылады және жергілікті халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, бюджетке салық аударымдарын төлей отырып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосады, сондай-ақ құс фабрикасының өнімдері импортты алмастыруға мүмкіндік береді, бұл екінші кезеңнің іске қосылуының арқасында айтарлықтай қысқарады. Жоба Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді», - деп атап өтті ҚДБ клиенттермен жұмыс жүргізу дирекциясының бас банкирі Әсел Шитенова.

photo-22.jpg

Макинск құс фабрикасында халықаралық өндірушілердің заманауи технологиялық жабдықтары қолданылады және еуропалық стандарттарға сәйкес келеді. Сонымен қатар, өндіріс тірі құсқа адамгершілікпен қарау талаптарына және «Халал» ұсыныс стандарттарына сәйкес келеді. Жаңа кезекті енгізу өндіріс көлемін арттырып қана қоймай, жақын орналасқан аудандардың тұрғындары үшін 570 жаңа жұмыс орнын ашты. Компанияда 1435 адам жұмыс істейді.

~6455950.jpg

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) - ұлттық экономиканы әртараптандыру және өңірлерді қолдау үшін республикада ауқымды жобаларды іске асыруға маманданған.

«Аitas KZ» АҚ – «Aitas» Холдингінің басқарушы компаниясы, оның құрамына өсімдік шаруашылығы, құс етін өндіру және қайта өңдеу, дистрибуция саласындағы 11 кәсіпорын кіреді, олардың арасында «Кус&Вкус» брендімен Макинск және Өскемен құс фабрикалары бар. «Aitas» холдингі 1996 жылы Өскемен қаласында құрылды. 23 жыл ішінде компания құс етін өндіру, қайта өңдеу және дистрибуциялау саласындағы көшбасшы, Қазақстанның аграрлық секторындағы көшбасшылардың бірі болды. «Aitas KZ» АҚ жергілікті өндірушілер арасында нарық үлесі 20% сала бойынша көшбасшы орындардың бірін иеленеді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79