• kz

Баспасөз хабарламалары

Қарағандыда ҚДБ қаржыландыруымен агломерациялық фабрикасы бар жаңа ферроқорытпа зауыты салынады

Фото 1.png

Жобаның жалпы құны 36,8 млрд теңгені құрады, Қарыз алушының меншікті қатысу үлесі – 7,2 млрд теңге, Банк тарапынан қаржыландыру сомасы 29,6 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте қарызды сақтандыруды 11,5 млрд теңге сомасына «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ жүзеге асырады, бұл еліміздің екі қаржы институтының табысты синергиясының көрсеткіші болып табылады.

Фото 2.jpg

Банктің қаржы қаражаты құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталатын болады. Ферроқорытпа зауытының өндірістік қуаты жылына 57 мың тонна ферроқорытпаны және 240 мың тонна агломератты құрайды. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған нысандардың құрылысы басталып кетті.

«Жаңа зауыт өнімдеріндегі қазақстандық қамту үлесі 100% - ды құрайтыны өте маңызды фактор болып табылады. Әлемдік жоғары сапа талаптарына сәйкес келетін өндірілетін өнім толығымен экспортқа бағдарланатын болады. Негізгі тұтынушылар АҚШ, Еуропа, Жапония, Корея, Түркия және ТМД елдері болады. Осыған байланысты, аталған жобаны іске асыру еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, ұлттық экономиканың дамуына үлес қосады. Бұл жобаның бірегейлігі зауыт экологиялық таза болатындығында: өндіріс процесінде мұнда ауаны ластамайтын газ тазарту жүйесі қолданылады және қалдықтардың пайда болуын азайту және оларды қайта пайдалану қағидаттарының арқасында қоршаған ортаға ең аз әсер етеді. Зауыт құрылысы кезеңінде 1000 - нан астам жұмыс орны құрылады, ал құрылыс аяқталғаннан кейін 400 отандасымыз тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, «Ydd Corporation» ферроқорытпа зауыты мысалында осындай зауыттарды салу тәжірибеміз бар екенін атап өткім келеді», - деп атап өтті «Qaz Carbon» ЖШС құрылтайшысы Ерлан Нигматулин.

Ерлан Нигматулин.jpg

Жаңа зауыттың құрылысы шеңберінде Экономиканы технологиялық жаңғырту және өнеркәсіпті цифрландыру индустриясы 4.0 бағдарламасының барлық параметрлеріне сәйкес келетін әлемдік технологиялық әзірлемелерді қолдану және жаңа жабдықтарды орнату жоспарлануда. Өндіріс процесі толығымен автоматтандырылады.

«Қарағандыда жаңа ферроқорытпа зауытын табысты іске асыру Қазақстанның металлургия өнеркәсібін дамытудың үлгісі ғана емес, сонымен қатар елдің инвестициялық тартымдылығының жоғары көрсеткіші болып табылады. Мемлекет тарапынан инвесторлар үшін нақты ойластырылған функционалдық сервис осындай жобаларды іске асыруға қосымша ұмтылыс береді. Жаңа ферроқорытпа зауытының өнімдері де әлемдік нарықта сұранысқа ие болады деп нық сеніммен айта аламыз. Өнім тек қазақстандық қана емес, сонымен қатар сапа саласындағы барлық әлемдік өлшемдерге сәйкес келеді», - деп түсіндірді «Qaz Carbon» ЖШС шетелдік құрылтайшысы Давид Кемертелидзе.

Давид Кемертелидзе.jpg

Осындай ауқымды жобаны іске асыру елдің өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған, сондай-ақ ел Президентінің инвестицияларды тартуға және осы саладағы еңбек өнімділігін арттыруға тікелей тапсырмаларын орындауға ықпал етеді.

«Жоба үш негізгі бағыт – импортты алмастыру, экспорттық әлеует және жоғары өнімділік бойынша Банк мандатына сәйкес келеді. Жоба Қарағанды өңірінің дамуына айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізеді және қазақстандық өңдеу секторының дамуына ықпал етеді. Пайдалануға берілгеннен кейін жоба 400-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашады. Кәсіпорын құрылысы қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алатын өндіріске үздік халықаралық практикалар мен стандарттарды енгізу бойынша жоғары деңгей қояды, сондықтан мен зауыт пен фабрика еліміздің басқа да ұқсас кәсіпорындары үшін бенчмарк болатынына сенімдімін», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов.


Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында Даму Банкі Қарағанды қаласында Көмірді байыту және қолданыстағы құю өндірісін жаңғырту бойынша фабрика құрылысына 7 жыл мерзімге 9,24 млрд теңге сомасына «Qaz Carbon» ЖШС кредиттік желісін ашты. Сол кезде жобаның жалпы құны 12 млрд теңгені құрады. ҚДБ қарыз қаражаты Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде берілген.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) - 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИД МБ) ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz). ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

«Qaz Carbon» ЖШС-ферроқорытпа зауыттары, сондай-ақ болат және шойын құю үшін кокс өндіретін компания. Өндірістік кәсіпорын 2017 жылы Қарағанды қаласында құрылды.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы) - шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Холдингтің миссиясы мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік бағытталған міндеттерді шешу және «2050-стратегиясы» белгілеген мақсаттарға қол жеткізу үшін экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қолғабыс көрсету.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79