• kz

ҚДБ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ЕКІ ЖАҢА ШЫҒАРЫЛЫМЫ ҰСЫНЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

фото-Москва.jpg

Өтінімдер кітабын қалыптастыру үдерісінде нарықтық сұраныстың ұсыныстан асып кетуі жергілікті және халықаралық инвесторлар тарапынан Банк қағаздарына деген сенім мен жоғары қызығушылықты көрсетеді. Инвесторлар тарапынан теңгеге деноминацияланған еурооблигациялар ұсынысының жарияланған көлеміне сұраныс 151%-ды құрады. Банктің долларлық еурооблигацияларына сұраныс ұсыныстан 2 есе асып түсті.

«ҚДБ 500 млн доллар мен 100 млрд теңгені құрайтын еурооблигацияларды сатып алуға жаһандық өтінімдер жинауды іске асырды. Бұл сәтті мәміле, ол Банктің облигацияларына жоғары қызығушылық танытатынын айғақтайды, ҚДБ сенімді эмитент және шетелдік инвесторлар Қазақстанның ұлттық валютасына сенім білдіреді. Бұл ҚДБ-ның ірі жобаларды кредиттеуге маманданғанын ескере отырып, Банк пен біздің клиенттер үшін маңызды, банкке осындай нысанда тартылатын қаражат ел экономикасының нақты секторын кредиттеуге жәрдемдеседі», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

Банк облигацияларын орналастыру географиясына әлемнің 24 елі кіреді, бұл ретте еурооблигациялардың теңгелік шығарылымына қатысты ұсынылған көлемнің көп бөлігі АҚШ (50%) және Ұлыбритания (32%) инвесторлары тарапына, ал қалған бөлігі Еуропа (17%) және Қазақстан (1%) инвесторлары пайдасына бөлінді. Қазақстан (36%) инвесторларының пайдасына АҚШ долларына деноминацияланған шығарылымға қатысты ұсынылған көлемнің басым бөлігі орналастырылды, АҚШ инвесторларының үлесі - 32%, Еуропа - 19%, Ұлыбритания - 9%, Азия мен Таяу Шығыс елдері мен Солтүстік Африка - 4%. Қоса есептегенде, екі шығарылымды орналастыруға бүкіл әлемнен 130-дан астам инвестор қатысты.

Өтінімдер кітабының ашылуы қарсаңында Банктің роудшоуын өткізу аясында 26-28 сәуір аралығында жеке және топтық бейнеконференция нысанында халықаралық инвесторлық кездесулер өтті.

Өтінімдер кітабына қайта қол қою Банкке өтеуге белгіленген табыстылықтың түпкілікті мөлшерлемесін жылдық 3% деңгейінде анықтауға мүмкіндік берді, бұл Банк үшін табыстылықтың рекордтық төмен мөлшерлемесі және ТМД елдерінде өтеу мерзімі 10 жылдан астам жаңа шығарылым эмитенттері арасында АҚШ долларындағы табыстылықтың ең төмен мөлшерлемесі болып табылады.

Теңгелік еурооблигацияларға қатысты бұған дейін ҚДБ теңгеге деноминацияланған еурооблигациялардың үш шығарылымын жүзеге асырғандығын атап өту қажет. 100 млрд теңге көлеміндегі еурооблигациялардың дебюттік шығарылымы инвесторларға 2017 жылғы желтоқсанда, 100 млрд теңге — 2018 жылғы сәуірде, 62,5 млрд теңге — 2020 жылғы ақпанда іске асырылды.

Мәмілені JP Morgan, Citigroup, VTB Capital, Halyk Finance ұйымдастырды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79