• kz

Қарағандыда «Qaz Carbon» ЖШС көмір байыту фабрикасы іске қосылды

WhatsApp Image 2021-05-12 at 18.33.09(1).jpeg

Қарағанды көмір байыту фабрикасының құрылысы өткен жылдың қыркүйек айында басталса да, бүгінгі күні «Qaz Carbon» ЖШС сағатына 300 тоннаға дейін жоғары сыныпты көмір концентратын өндіреді. Кәсіпорын шикізаттың жалпы тау-кен массасынан пайдалы қазбаны барынша шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей технологияның арқасында кіріс күлі 15%-дан өзіндік күлі 2-3%-ға дейінгі көмірді байыта алады. Бүкіл процесс химиялық реагенттерді және суды тазарту бассейндері үшін үлкен алаңдарды қолданбастан жабық циклде жүреді, бұл өз кезегінде қоршаған ортаға әсерді төмендетіп, өндіріс уақыты мен шығындарын азайтады, нәтижесінде дайын өнімнің өзіндік құнына әсер етеді.

«Дайын өнімнің сапасы мен өндірістің технологиялылығын сақтауды бақылау толығымен автоматтандырылған және өндірісті басқару орталығының операторымен жүзеге асырылады, бұл бізге Қарағанды фабрикасы көмір концентратының барлық қолданыстағы халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы нық сеніммен айтуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын нөлден бастап құрылды – бұл жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін ең аз ньюансты ескеруге мүмкіндік берді: біздің концентрат сапалы, өзіндік құнының төмендігі және жеткізудің жылдам мерзімі арқасында органикалық энергия тасымалдаушылардың халықаралық нарығында бәсекеге қабілетті», - деп «Qaz Carbon» ЖШС акционері Ерлан Нығматулин атап өтті.

Ерлан Нигматулин

Жобаның жалпы құны, соның ішінде байыту фабрикасын салуға және іске қосуға, сондай-ақ қолданыстағы құю өндірісін жаңғыртуға байланысты құны 12 млрд теңгені, Қазақстанның Даму банкінің қатысуы 9 млрд теңгені, қалған қаражат – «Qaz Carbon»ЖШС-тің меншікті қатысуын құрады.

Шикізаттың негізгі жеткізушілері – жергілікті көмір кәсіпорындары. Дайын өнімнің негізгі тұтынушысы «YDD Corporation» ЖШС Қарағанды ферроқорытпа зауыты болып табылатынына қарамастан, байыту фабрикасы өңірдің экспорттық географиясын белсенді түрде кеңейтеді, өйткені Қарағанды көмір концентратының едәуір бөлігі экспортқа жіберіледі.

казкарбон

«ҚДБ қарыз қаражаты Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде берілді, өйткені жоба экспорттық әлеуетті кеңейтуге, қазақстандық өңдеу секторын дамытуға және импорттың орнын басуға, сондай-ақ Қарағанды өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған. «Qaz Carbon» ЖШС – Банк үшін, әлемдегі тұрақсыз экономикалық және эпидемиологиялық жағдайға қарамастан фабриканы қысқа мерзімде – 7 ай ішінде іске қосып, өңірде 100-ден астам тұрақты жұмыс орнын құра алған маңызды серіктес. ҚДБ командасының атынан кәсіпорынды жұмыстың басталуымен құттықтаймын және одан әрі табыс тілеймін», - деп ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов пікірін білдірді.

«Qaz Carbon» ЖШС акционері Дэвид Кемертелидзенің айтуынша, көмір байыту зауытын салу жобасын жүзеге асыру кәсіпорын командасының үйлесімді жұмысының, сондай-ақ құрылтайшылардың Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды іске асырудағы мол тәжірибесінің арқасында бір жылдан аз уақыт ішінде жүзеге асырылған.

«Біз үшін бұл Қазақстандағы алғашқы жоба емес, бұдан бұрын да біз осындай ауқымдағы өнеркәсіптік объектілерді іске қосуды жүзеге асырдық және іс жүзінде елдің қосылған құны жоғары өнімді жасау үшін үлкен шикізат базасына, бірегей инвестициялық ахуалға, ұлттық даму институттары атынан мемлекет тарапынан қолдауға көз жеткіздік – осының бәрі бүгін Қарағандыда өңірді өндірістік көшбасшыларға шығара алатын тағы бір жоғары деңгейдегі зауыттың пайда болуына ықпал етті», - деп «Qaz Carbon» ЖШС акционері Давид Кемертелидзе атап өтті.

IMG_4336__.jpg

Ел бюджетіне құйылатын салықтың болжамды түсімі 300 млн теңгені, еңбек өнімділігі бір адамға 8 млн теңгені құрайды.

WhatsApp Image 2021-05-12 at 18.33.12(1).jpeg

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) - Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту бойынша 2001 жылы құрылған ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту және қолдау көрсету. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

«Qaz Carbon» ЖШС - ферроқорытпа зауыттарына, сондай-ақ болат пен шойын құюға арналған кокс компаниясы. Өндірістік кәсіпорын 2017 жылы Қарағанды қаласында құрылды.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79