• kz

Метил-трет-бутил эфирін өндіру зауыты пайдалануға сәтті енгізілді

ШКХ

«ШХК» ЖШС зауытын ресми іске қосу қазақстандық мұнай-химия саласының сапалы жаңа деңгейге көшуінің бастамасы болады, өйткені кәсіпорын жаңғыртылған Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ШМӨЗ) мұнай-газ химиясы шикізатын өңдеу тереңдігін елеулі дәрежеде арттыруға мүмкіндік береді. Енді, өңірде этилденбеген автомобиль бензиндерін алу кезінде пайдаланылатын құрамында оттегі бар негізгі жоғары октанды компоненттердің бірі – МТБЭ өз өндірісі жолға қойылғандықтан, мұнда евро-4 және евро-5 экологиялық класты отын өндіріледі.

«Автомобиль бензиндеріне қойылатын өзекті экологиялық және пайдалану талаптары МӨЗ өнімдері сапасының жоғары стандарттарын айқындайды. Мұнда МТБЭ сияқты бірегей қоспалар маңызды рөл атқарады, олар бензиндердің октандық санын арттырады және отынның толық жануына ықпал етеді. Біздің зауыттың іске қосылуымен Қазақстан октан көтеретін қоспалардың ішкі нарығының қажеттілігін толық өтейді, ал бұл жылына шамамен 80 мың тонна, және отандық МӨЗ өзінің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға, әлемдік деңгейдегі экологиялық таза автобензиндерді өндіру технологиясын жасауға мүмкіндік береді», - деп бөлісті «ШХК» ЖШС Бас директоры Манат Бибасов.

Манат Бибасов

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жаңа зауыт өнімдерінің басты тұтынушысы ШМӨЗ болып табылады. Қазір барлық өндірістік процестер жолға қойылды, мұнай-химия өндірісіне лицензия алынды. Кәсіпорын ҚР мұнай-химия саласының өнеркәсіптік тұтынушыларының тізбесіне енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, зауыттың құрылысы 2019 жылы басталды, оны жобалау кезінде МТБЭ өндірісі бойынша озық құзыреттерге ие халықаралық көшбасшылардың бірі болып табылатын AXENS француз компаниясының әлемге әйгілі Etherification технологиясы қолданылды.

Зауыт құрылысы, жабдықтарды сатып алу Қазақстан Даму Банкінің қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылды, ол Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 жылға дейінгі мерзімге 9 млрд теңге мөлшерінде қаржылық қолдау көрсетті. Жобаның жалпы құны 13,7 млрд теңгені құрады, осылайша қалған бөлігін 4,7 млрд теңге көлемінде «ШХК» ЖШС өз қаражаты есебінен салды.

ШКХ

«Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС зауытын пайдалануға беру –өңір үшін ғана емес, жалпы ел үшін де маңызды оқиға, өйткені кәсіпорын еліміздің мұнай-газ химиясы саласын дамытуда негізгі рөл атқарады. Енді Қазақстанда елімізде өндірілген отынның энергетикалық қауіпсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін сақтауды қамтамасыз ететін бірегей өнім өндірісі жолға қойылды», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров.

«ШХК» ЖШС зауыты 150-ден астам қазақстандықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етті, зауыт құрылысы барысында шамамен 750 адам жұмыспен қамтылды.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИД МБ) ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz).

«Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС – 2016 жылдың ортасында құрылған жобалық компания, «АЛМЭКС» Холдингтік тобының құрамына кіреді, «АЛМЭКС Проект» ЖШС және «Delta Oil» ЖШС-ның меншігі болып табылады. Профильдік сала – өңдеуші өнеркәсіп, атап айтқанда компания мұнай өңдеу өнімдерін өндірумен айналысады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның Қоғаммен байланыс қызметі 8 (7172) 79 26 08, pressa@kdb.kz (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz).

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79