• kz

«Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің отырысы Мадридте өтті

Кеңес отырысына Үкімет пен испан бизнесінің өкілдерінен басқа, «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Холдингтің еншілес ұйымдарының өкілдері және қазақстандық кәсіпкерлер қатысты.

11.jpg

Қазақстан мен Испания – халықаралық аренада бұрыннан тиімді жұмыс істейтін сыртқы сауда және экономикалық серіктестер. Тек өткен жылдың өзінде елдер арасындағы тауар айналымы $1,4 млрд құрады (экспорт – 1,21 млрд, импорт – 187,7 млн). Ресми деректер бойынша, қазақстандық экспорттың негізгі баптары – мұнай және оның өнімдері, мыс, қорғасын, темір мен болаттан жасалған бұйымдар және химиялық өнімдер. Испаниядан Қазақстанға көбінесе ұшақтар, машина жасау және электр техникалық жабдықтар, тоқыма, аяқ киім, химия және фармацевтика саласының өнімдері импортталады.

Қазақстанның Даму Банкі өнеркәсіп және инфрақұрылым саласындағы жобаларды уақтылы және ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ететін мамандандырылған мемлекеттік даму институты бола отырып, биыл Мадридте өткен Іскерлік кеңестің 6-шы отырысы аясында бизнестің инвестициялық бастамаларын іске асырудағы 20 жылдық тәжірибесін таныстырды. Атап айтқанда, банк делегациясы испан-қазақстандық экономикалық ынтымақтастығының ресми қаржы құралдары мен перспективаларына арналған панельдік сессияға қатысты.

«ҚДБ миссиясы металлургия, көлік және логистика, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, энергия өндіру және беру, құрылыс және өңдеу өнеркәсібінің басқа да салалары сияқты елдің шикізаттық емес секторын қаржыландыру арқылы ұлттық экономиканың орнықты дамуына жәрдемдесу болып табылады», - деп атап өтті өз сөзінде ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров.

Оның айтуынша, бүгінде Даму Банкі кредит беру тәжірибесі мен сенімділігі тұрғысынан шетелдік инвесторлардың сеніміне лайық, өйткені Банктің 2004 жылдан бастап тәуелсіз рейтингке сәйкес инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингтері, қорландырудың жергілікті және халықаралық нарықтарына үздіксіз қолжетімділігі бар. Бұдан басқа, ҚДБ Қазақстандағы бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды қолдауға байланысты ерекше мәртебеге және икемділікке ие, сондай-ақ жаңа технологиялық жағынан күрделі өндірістер мен инфрақұрылымдық объектілерді құру және жаңғырту бойынша кредиттік мәмілелерді құрылымдауда қомақты тәжірибеге ие.

Оларға 60 мың тоннаға дейін бройлерлер өсіру құс фабрикасының жаңадан салынған құрылысын, 200 мың бірлік темір жол дөңгелектерін шығару жөніндегі кешенді, 110 және 220 кВ кернеулі күштік трансформаторлар жасау зауытын, 70 мың тонна көлеміндегі мұнай машина жасау кешінін дамытуды, қуаттылығы 50 МВт «Қаскелен» күн электр станциясының құрылысын, сондай-ақ қуаттылығы 100 МВт «Астана EXPO-2017» жел электр станциясын іске қосуды жатқызуға болады. Қазіргі уақытта банктің қолдауымен ЖЭК саласындағы 6 жоба, өңдеудегі 65 жоба, тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі 13 жоба, сондай-ақ 41 инфрақұрылымдық жоба бойынша жобалық қуаттар пайдалануға берілді.

«Біз жалпы құны $17,6 млрд құрайтын және қарыз сомасы $7,8 млрд құрайтын 125 өндірісті құрдық, бұл ретте біз әрқашан заман ағымымен бірге жүруге ұмтыламыз, бизнес-қоғамдастық үшін жаңа қаржылық және қаржылық емес шешімдер мен қызықты ұсыныстар әзірлейміз. Мәселен, бүгінде Банктің Pipeline жобалары 6 млрд АҚШ долларын құрайды», - деп атап өтті Думан Әубәкіров.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚДБ делегациясының басшысы Думан Әубәкіров пен CESCE экспорттық-кредиттік агенттігі Басқармасының төрағасы Фернандо Салазар Пальма ҚДБ клиенттерінің, сондай-ақ испандық экспорттаушылардың өзара пайдасына мәмілелер жасауды ынталандыру және жүзеге асыруға жәрдемдесу және экспорттық қаржыландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осылайша, тараптар болашақта өзара тиімді серіктестік үшін берік негіз құруға ниетті.

1111.jpg

«CESCE Қазақстанға испан тауарлары мен қызметтерінің экспортын қаржыландыруды қолдауға ниетті. Ұсынылып отырған жобаларды ҚДБ және CESCE қабылданған критерийлер мен ережелерге сәйкес бағалайтын болады және CESCE қабылданған қағидалар мен рәсімдерге сәйкес әрбір жеке кредит бойынша орнын толтыруды жеке негізде ұсына алады», - деп бөлісті CESCE өкілдері.

11122.jpg

Сондай-ақ Іскерлік кеңес отырысы аясында Даму Банкі мемлекеттік мекемелер - Сыртқы сауда институты (ICEX), Ресми кредит беру институты (Instituto de Crédito Oficial, ICO), Ұлттық инновациялық компания (Empresa Nacional de Innovación, ENISA), сондай-ақ бірқатар ірі испан банктері (Santander, BBVA, Sabadell және Popular) мүшелері болып табылатын акционерлік қоғам ретінде жеке-мемлекеттік әріптестіктің үлгісін білдіретін испандық дамуды қаржыландыру компаниясы – COFIDES-пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда «COFIDES» тарапынан инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін қызығушылық тудыратын неғұрлым перспективалы секторлар 
фармацевтика және агроөнеркәсіп болып табылады. Бұл салаларды біз пандемиядан кейінгі кезең мен өңірлік хабтар құру мақсатында Қазақстанның геостратегиялық жағдайын ескере отырып іріктеп алдық», - деп атап өтті COFIDES өкілдері.

111222.jpg

«Биылғы жылы біз инвестициялық жобаларды, сондай-ақ ҚДБ клиенттерінің және Испанияның экспорттық экономикасының мүддесіне сай қызметіміздің шегінде экспорттық операцияларды қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді бірлесіп қолдау туралы уәделескенімізге қуаныштымын. Біз Испания мен Қазақстан кәсіпорындары арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамытуда жолсеріктердің бірі ретінде бірлескен жобаларды іске асыруға қатысуға, тауарларды жеткізу шеңберінде қаржылық қолдау көрсетуге және түрлі технологиялық шешімдерді енгізуге дайынбыз», - деп ойымен бөлісті Думан Әубәкіров.

Сондай-ақ ол испандық компаниялардың жобаларды техникалық және маркетингтік сүйемелдеу шеңберінде қазақстандық әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындарда ESG стандарттарын енгізу бойынша консалтингтік қызметтер көрсетуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79