• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ консалтингтік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтеді

Жобалық ұсынысты дайындау бойынша кеңесші. Бұл кім?

Жобалық ұсынысты дайындау жөніндегі кеңесші – бұл ҚДБ клиенттер үшін ұсынатын консультанттардың жаңа санаты. Оның міндеті – әлеуетті қарыз алушыға ҚДБ талаптарына сәйкес қаржыландыруға арналған өтінім үшін құжаттар топтамасын дайындау бойынша сарапшы қызметтерін көрсету.

имиджевое фото

Бұл не үшін қажет?

Қазақстанның Даму Банкі ауқымды және техникалық жағынан күрделі жобаларды қаржыландырады, көбінесе бұл – greenfield жобалары, олар жобаның маңызды компоненттерін егжей-тегжейлі жоспарлауды және пысықтауды талап етеді: техникалық, маркетингтік, қаржылық және т.б. тұрғыда.

Көбіне Банкке әлеуетті клиенттерден келіп түсетін құжаттар пакеті қаржы институтының бизнес-жоспарға және өзге де құжаттарға қойылатын талаптарына сәйкес келмейді, бұл өтінімдерді қарау мерзімін едәуір ұзартады. Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе қарыз алушыларға құжаттар пакетін дайындау немесе пысықтау бойынша еңбек ресурстары және уақыт жетіспейді. Мысалы, Банктің әлеуетті қарыз алушысы жоба бойынша ақпаратты толық меңгере отырып, қандай да бір объективті себептер бойынша оны тиісті түрде баяндай алмайды және ресімдей алмайды. Соның салдарынан, Банктің атына жоба бастамашыларынан құжаттарды әзірлеу немесе пысықтау бойынша қызмет көрсету туралы өтініштер жиі келіп түседі.

Сыртқы кеңесшінің қызметтері құжаттар пакетін, мысалы, Банктің талаптарына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН)/Бизнес-жоспарды, жоба бойынша құқықтық құжаттаманы сапалы қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл іс-шаралар өтінімдерді қарау мерзіміне оң әсер етеді.

Банктің әлеуетті клиенті Банктің біліктілік ұсынымдарына сәйкес келетін консалтингтік компанияны өз бетінше таңдауға немесе Банктің талаптарына сәйкес келетін құжаттар пакеті болған жағдайда бастапқы консалтингтік қызметтен бас тартуға құқылы екенін атап өткен жөн.

Егер сіз өзіңіздің компанияңызды жобалық ұсынысты дайындау бойынша кеңесшілер тізіліміне енгізуге қызығушылық танытсаңыз, 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтініш беруге асығыңыз. Өтінім беру жөніндегі нұсқаулықты және басқа да толық ақпаратты қоса берілген презентациядан және оның қосымшаларынан табуға болады.

Сұрақтар/ұсыныстар бойынша:
ngafur@kdb.kz
+7 701 204 80 39
Найля Гафур

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79