Басқарма төрағасының қаржылық басқару мәселелері жөніндегі орынбасары
Шәріпов Әсет Болатұлы
Басқарма төрағасының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары
Омаров Бақытжан Байділдаұлы
Басқарма Төрағасының тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі орынбасары
Елібаев Марат Талғатұлы
Басқарма төрағасының м.а.
Марат Елібаев 1984 жылы 2 маусымда дүниеге келген.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Білімі: 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2004 жылы Халықаралық бизнес академиясында оқыды, мамандануы – MBA бағдарламасының басқару модулі (кәсіби менеджер). 2008-2009 жылдары «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында London Business School-да оқу курсын өтті, онда ол Қаржы (корпоративтік қаржы) магистрі дәрежесін алды. Марат Елібаев сондай-ақ Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының түлегі болып табылады.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Марат Елібаев кәсіби қызметін 2004 жылы Deloitte «үлкен төрттік» компаниясында аудитор және аға аудитор лауазымынан бастады, онда ол металлургия, тау-кен өндіру өнеркәсібі, мұнай және газ, көлік және логистика, сондай-ақ мемлекеттік компаниялар салаларындағы жобалардың аудитін жүргізді.
2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін PricewaterhouseCoopers компаниясында Қосылу және жұтылу бөлімінің менеджері лауазымында қызмет жолын жалғастырды.
2010-2014 жылдары CITIC Kazyna Investment Fund I L.P. компаниясында инвестициялық директор/вице-президент лауазымын атқарды.
2014 жылдан бастап Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Еуразия, Орта Шығыс және Африка Энергетика департаментінің бас банкирі лауазымын атқарды, онда Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері бойынша ЕҚДБ бағдарламасын дамытуға жауапты болды.
2022 жылғы 25 ақпанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Жетекшілік ететін мәселелер: кредиттік қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, Банктің кредиттік портфелін қалыптастыру, кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау, техникалық талдау департаменттерінің жұмысына, ақпараттық-жинақтау жұмысына жетекшілік етеді.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ акцияларына иелік етпейді және үлестес компаниялардың, компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің тиесілі акцияларының үлесі жоқ.
Әбішева Ботагөз Тоқтағұлқызы
Басқарма төрағасының қаржылық басқару мәселелері жөніндегі орынбасары
1976 жылы 2 қыркүйекте дүниеге келген.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Білімі:
1993-1997 жылдары Қазақстанның Құқықтану және Халықаралық қатынастар институтында (ҚҚХҚИ) «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім алды. 2013-2014 жылдары Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде оқуын жалғастырды, мамандануы – қаржы, онда 2018 жылы Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2020-2022 жылдары Renmin University of China, IMBA (Пекин, ҚХР) бітірді.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Кәсіби қызметін 1998 жылы ТұранӘлем Банкінің халықаралық департаментінде бастаған.
2003-2007 жылдар аралығында Қытайдың Пекин қаласындағы ТұранӘлем Банкінің Банкинг жөніндегі директоры–Өкілдік басшысының орынбасары және Өкілдік басшысы лауазымын атқарды.
2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы ICICI Bank Eurasia Қаржы институттары бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
ҚДБ-да 2010 жылғы 15 ақпаннан бастап жұмыс істейді. Банкте жұмыс істеген уақытта ол Қорландыру және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасарынан Басқарушы директорға дейінгі қызмет жолынан өтті.
2022 жылғы 25 ақпанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Жетекшілік ететін мәселелер: қаржы басқармасы, қазынашылық, қорландыру және халықаралық ынтымақтастық, бухгалтерлік есеп, жоспарлау және бюджеттеу департаменттерінің, операциялық департаменттің жұмысына жетекшілік етеді.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ акцияларына иелік етпейді және үлестес компаниялардың, компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің тиесілі акцияларының үлесі жоқ.
Шәріпов Әсет Болатұлы
Басқарма төрағасының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары
1982 жылғы 16 қыркүйекте туған.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Білімі:
2003 жылы Қазақтың Гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы» мамандануы бойынша құқықтану Қаз ГЗУ магистрі дәрежесін иеленеді.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Кәсіби еңбек қызметін 2003 жылы АТФБанктің «Отан» ОНПФ АҚ маманы болып бастады.
2004-2010 жылдары – «International Bank «Alma-Аta» АҚ, «АБК-V» ЖШС, «АТФ Банк» АҚ заңгер, бас маман, бөлім басшысы және «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» РМКК аға оқытушысы қызметтерін атқарды.
2010-2014 жылдары – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Заң департаменті директорының орынбасары;
2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РМК Құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары;
2016-2017 жылдары – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры;
2017 жылғы шілдеден бастап 2020 жылғы наурыз аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 5 наурыздағы шешімімен 2020 жылғы 16 наурыздан бастап Банк Басқармасының құрамына сайланды.
Жетекшілік ететін мәселелер: Банк қызметін құқықтық қамтамасыз ету, жобаларды құқықтық сүйемелдеу және кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу, Банктің проблемалық активтерімен жұмыс, талап-арыз жұмысы, жобаларды кредиттік әкімшілендіру бойынша жұмысты үйлестіру.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ акцияларына иелік етпейді және үлестес компаниялардың, компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің тиесілі акцияларының үлесі жоқ.
Омаров Бақытжан Байділдаұлы
Басқарма Төрағасының тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі орынбасары
1977 жылы 28 сәуірде дүниеге келген.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі:
Алматы Экономика және статистика институтын «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Қаржы секторында 20 жылдық тәжірибесі бар, оның ішінде Қазақстанның Даму Банкінде – 15 жыл. ҚДБ-дағы еңбек жолын 2008 жылы бас тәуекел-менеджер ретінде бастады, кредиттік блокта 7 жылдан астам жұмыс істеді, 2019 жылдың сәуірінен бастап басқарушы директор қызметіне тағайындалды.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 3 мамырдағы шешімімен Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Жетекшілік ететін мәселер: несиелік, операциялық және қаржылық тәуекелдерді басқару және бизнес-процестер.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ акцияларына иелік етпейді және үлестес компаниялардың, компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің тиесілі акцияларының үлесі жоқ.