• kz

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен «КПМГ Аудит» ЖШС 2022–2023 жылдарға қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып тағайындалды.

2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 60/21 2022–2023 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша көрсетілетін қызметтерді ұзақ мерзімді сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) бойынша аудиторлық шығындардың сомасы ҚҚС қоса алғанда 183 456 мың теңгеден аспайды.

Келісімге сәйкес, 2023 жылға аудиторлық ұйымның сыйақысы ҚҚС қоса алғанда 96 096 мың теңгені құрады және аудиторлық қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығындарды қамтиды.

2023 жылға арналған сыртқы аудитор көрсететін қызметтердің тізбесі:
  • қаржылық есептіліктің жартыжылдық шолуы;
  • 9 айдағы қаржылық есептілік бойынша аралық аудиторлық рәсімдер;
  • жылдық қаржылық есеп беру аудиті.

2023 жылы сыртқы аудиторлар аудиторлық ұйымға төленген жалпы шығындардың 50%-дан астамын құрайтын қаржылық есептілік аудитіне қатысы жоқ консультациялық қызметтерді көрсеткен жоқ.

Анықтама ретінде: «КПМГ Аудит» ЖШС 2008 жылдан бері Банктің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді. Аудиторлық компания серіктесінің бірінші ауысуы 2012 жылы орын алды. 2019-2021 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу шеңберінде серіктестің кезекті ауысуы орын алды. Аудиторлық ұйымның серіктесін міндетті түрде ауыстыру кезеңділігі Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 10 маусымдағы қаулысымен бекітілген (№ 169-2015-06 хаттама) «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ сыртқы аудит жөніндегі Cаясатының ережелеріне сәйкес келеді, өзгертулер және толықтыруларыменен.