• kz

Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсуін қамтамасыз ету және Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөлінеді. 

Біз әртүрлі қауымдастықтарға қатысу, халықаралық институттармен өзара іс-қимыл жасау және тұрақты біліктілікті арттыру арқылы басқа да табысты жұмыс істейтін даму институттарының тәжірибесін зерттеуге және жұмыста пайдалануға тырысамыз.

Банктің іскерлік байланыстарын кеңейту тек ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасуға ғана емес, сонымен қатар экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерді тез арада шешу мақсатында елге шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. 

Банк құрылған сәттен бастап Дүниежүзілік банк, HSBC, Merrill Lynch, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ және т.б. ұйымдармен бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.

Инвесторлар үшін презентация

Халықаралық ынтымақтастық тарихы

2024
2023
2022
2021
2020
2019
2018
2017
2016
2015
2014
2013
2007
2003

16 қаңтарда Банк Euromoney Conferences ұйымдастырған Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің форумына қатысты (Вена қ., Австрия).

18 қаңтарда Банк Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың сапары аясында SACE-пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды (Рим қ., Италия).

29 қаңтарда Банк Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның көлік байланысы жөніндегі жаһандық форумға (Global Gateway Forum) қатысты (Брюссель қ., Бельгия).

29 қаңтарда Банк Еуропалық инвестициялық банкімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

14 ақпанда Банк Masraf Al Rayan-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды (Доха қ., Катар).

10 қаңтарда Банк Euromoney Conference халықаралық конференциясына қатысты (Вена қаласы, Австрия)

30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Банк Қазақстан-Бавария экономикалық дөңгелек үстеліне, сондай-ақ «Орталық Азияның өсу аймағы – Қазақстандағы логистика, энергетика және өнеркәсіп» тақырыбындағы Қазақстан-Гамбург инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты (Мюнхен, Гамбург, Германия).

20 ақпанда Банк Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өткен Қазақстан-Германия Дөңгелек үстеліне қатысты.

6-8 наурыз аралығында Банк «2023 жаһандық дамушы нарықтардың корпоративтік конференциясы» тақырыбындағы халықаралық JP Morgan конференциясына қатысты (Майами, АҚШ).

24 сәуірде Чехия Халық Республикасындағы бизнес-форум аясында Банк Czech Export Bank ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

24 сәуірде Астанада өткен Чехия-Қазақстан бизнес форумы аясында Банк Экспортқа кепілдік беру және сақтандыру корпорациясымен (EGAP) Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

15 мамырда Банк ADFIAP мүшелігін қабылдап, «Қазақстан мен Орталық Азияның инвестициялық тартымдылығы» инвестициялық сессиясына модератор және спикер ретінде қатысты.

15-19 мамыр аралығында екіжақты коммерциялық құжаттарға қол қою аясында Банк Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың делегациясы құрамында Сиань қаласына жұмыс сапарымен барды. (Сиань қаласы, Қытай Халық Республикасы)

29 мамырда China Export & Credit Insurance Corporation (SINOSURE) экспорттық несие агенттігімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

15-16 маусымда Банк Португалияның Лиссабон қаласында өткен TXF Global Finance meetings халықаралық конференциясына қатысты.

20 маусымда Банк Германияның LBBW (Landesbank Baden-Wuerttemberg) коммерциялық банкімен 500 миллион еуро ECA қамтуымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

27 қыркүйекте Банк Германияның Euler Hermes экспорттық-несиелік агенттігінің сақтандыруымен Германияның Helaba коммерциялық банкімен 100 миллион еуроға дейінгі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

2-4 желтоқсан аралығында Банк БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына қатысты (СОР 28) (Дубай қ., БАӘ).

20 желтоқсанда Банк Сауд Арабиясының экспорттық-импорттық банкімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды (Эр-Рияд қ., Сауд Арабиясы Корольдігі).

2022 жылғы 21 желтоқсанда Банк Шанхай ынтымақтастық ұйымы Банкаралық бірлестігінің мүшелері (Дели, Үндістан) - Банктердің сарапшылары мен үйлестірушілерінің кезекті Отырысына қатысты.

2022 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанның Даму Банкі Еуразиялық Даму Банкінен 33,2 млрд теңге сомасына қаржыландырылды.

2022 жылғы 14 қыркүйекте «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және China Construction Bank Corporation кредиттік желіні ұсыну туралы шартқа қол қойды.

2022 жылғы 23 тамызда Банк Шанхай ынтымақтастық ұйымының (Ташкент қаласы (Өзбекстан Республикасы) Банкаралық бірлестігі Кеңесінің отырысына қатысты. Осы Кеңес аясында келесі құжаттарға қол қойылды:
- ШЫҰ БАБ-қа мүше банктердің орта мерзімді перспективаға арналған ШЫҰ-ның ішкі өңірлік экономикалық ынтымақтастығын қолдау және дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары
-ШЫҰ БАБ-қа мүше банктердің қаржы саласындағы өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығының негіздемелік қағидаттары.

2022 жылғы 20 шілдеде Банк Еуропалық қайта құру және даму банкімен 130 000 000 (жүз отыз миллион) АҚШ долларына дейінгі сомаға Мандаттық хатқа қол қойды.

2022 жылғы 29 маусымда $300 млн сомасына China Construction Bank-пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2022 жылғы 28 маусымда Ұлттық ESG клубын құру бойынша ынтымақтастық ниеті мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2022 жылғы 16 мамырда Банк Шанхай ынтымақтастық ұйымының (Бұхара қ. (Өзбекстан Республикасы) Банкаралық бірлестігіне мүше банктердің сарапшылары мен үйлестірушілерінің кезекті кеңесіне қатысты.

2022 жылғы 31 наурызда EKF экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыруы арқылы «Kaz Minerals Aktogay» ЖШС-ның «Шығыс Қазақстан облысында Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының құрылысы» инвестициялық жобасын қаржыландыру мақсатында 120 млн АҚШ доллары сомасына қарыз тарту бойынша JP Morgan Chase Bank, N.A.-мен Кредиттік келісімнің Қосымша келісіміне қол қойылды.

2021 жыл. 2021 жылғы мамырда Банк ШЫҰ БАБ Сарапшылары мен үйлестірушілері кеңесіне қатысты; 2021 жылғы қыркүйекте Банк ШЫҰ БАБ-ның Басшылары Кеңесінің мәжілісіне қатысты, оның аясында қысқамерзімді перспективаға Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Банкаралық бірлестігінің одан әрі даму Стратегиясына қол қойылды (2022-2026 жж.); 2021 жылғы 4 қазанда қазақстандық-испан Іскерлік кеңесі аясында CESCE ЭКА-мен Өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды. 2021 жылғы 5 қазанда қазақстандық-испан Іскерлік кеңесі аясында COFIDES-пен Өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды. 2021 жылғы 31 желтоқсанда EKF экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыруы арқылы «Kaz Minerals Aktogay» ЖШС-ның «Шығыс Қазақстан облысында Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының құрылысы» инвестициялық жобасын қаржыландыру мақсатында 120 млн АҚШ доллары сомасына қарыз тарту бойынша JP Morgan Chase Bank, N.A.-мен Кредиттік келісімге қол қойылды.

2020 жылдың 8 қаңтарында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Тәжікстанның Коммерцбанкі» ААҚ арасында экспорттық қаржыландыру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

2020 жылғы сәуірде ШЫҰ БАБ сарапшылары мен үйлестірушілерінің кеңесіне, сондай-ақ Банк Төрағасының қатысуымен ШЫҰ БАБ семинарына қатысты.

2020 жылғы қазанда ШЫҰ БАБ басшылары кеңесінің отырысы кезінде: пандемия зардаптарын еңсеру жөніндегі Жол картасына және Ұлттық валюталарда өзара есеп айырысу жүргізу тәсілдеріне қол қойылды.

2020 жылдың 9 желтоқсанында ЕАДБ-мен 5,7 млрд рубль сомасына несие желісін ашуға арналған несие шартына қол қойылды. Сондай-ақ бірінші Еуразиялық конгресс шеңберінде ВЭБ.РФ, ҚДБ, БРРБ және ЕАДБ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2019 жылғы сәуірде «Бір белдеу бір жол» бастамасының халықаралық форумы шеңберінде Банк пен China Development Bank арасында жобаларды қаржыландыру үшін Кредиттік келісімге қол қойылды.

2019 жылғы маусымда Даму Банкі Басқарма төрағасының басшылығымен Шаңхай ынтымақтастық ұйымының шеңберіндегі Банкаралық бірлестік кеңесінің (ШЫҰ ББК) XV отырысына қатысты. 2019 жылғы маусымда Қазақстан Даму Банкінің өкілдері Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінің жәрдемдесуімен польшалық әріптестермен – Польшаның Bank Gospodarstwa Krajowego ұлттық даму банкімен тығыз ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.

2019 жылғы 11 қыркүйекте ҚХР-дағы Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесіне қатысу үшін сапар шеңберінде Банк пен Қытай Мемлекеттік Даму Банкі арасында мәмілелерді юаньмен қаржыландыру үшін 1,500,000,000 юаньға дейінгі сомаға Негіздемелік келісімге қол қойылды. 2019 жылғы 24-26 қыркүйекте Банк делегациясы JP Morgan (JP Morgan Emerging Markets Credit Conference) дамушы нарықтар бойынша Конференцияға қатысу шеңберінде институционалдық инвесторлардың, портфельдік менеджерлердің, шетелдік банктердің және т.б. мүддесін білдірген 30-дан астам компанияның қатысуымен роад шоу өткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті К. Тоқаевтың Германияға ресми сапары шеңберінде
2019 жылғы 5 желтоқсанда қол қойылды:
- Deutsche Bank AG-мен экспорттық кредиттік агенттіктердің (ЭКА) сақтандыру өтімімен қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Euler Hermes Aktiengesellschaft-пен өзара түсіністік туралы меморандум.
2019 жылғы 6 желтоқсанда қол қойылды:
- KfW IPEX-Bank GmbH-мен ынтымақтастық туралы келісім;
- Commerzbank AG-мен ынтымақтастық туралы меморандум.

2018 жыл. 2018 жылғы маусымда ШЫҰ БАБ Кеңесінің кезекті отырысы аясында Банк пен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі арасында Банктің инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін Бас келісімге қол қойылды.

Банк Sumitomo Mitsui Banking Corporation Europe Limited, Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ Ltd., Deutsche Bank Hong Kong Branch, Credit Agricole Corporate and Investment Bank-тен тұратын банктердің синдикатымен кредиттік келісім жасады, "Шымкент МӨЗ-ін қайта құру және жа­ңғырту" инвестициялық жобасын қа­ржыландыру үшін Sinosure сақтандыру жабындысымен. Жасалған келісім үшін синдикатталған қарызды тарту бойынша үздік мәміле үшін марапат алынды.

Сәуір айында ҚДБ 100 млрд теңге сомасына деноминацияланған еврооблигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. 2017 жылғы желтоқсанда жүзеге асырылған теңге евробондтарының алдыңғы шығарылымымен салыстырғанда Банк қарыздану мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтуға және купон ставкасын жылдық 9,5%-дан 8,95% дейін азайтуға қол жеткізді.

2018 жылдың соңында Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасының арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында «Бәйтерек» холдингі мен Даму Банкінің делегациясы «Бәйтерек» холдингі Басқармасы төрағасы орынбасарының басшылығымен Корей Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар бағдарламасына K-Sure сауданы сақтандыру корпорациясы, KOLON Investment, EximBank және т.б. сияқты Кореяның аса ірі компанияларының басшыларымен іскерлік кездесулер кірді. Korea EximBankпен кездесу шеңберінде тараптар Кореяның қаржы ұйымдарын Қазақстан нарығына тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты қанағаттанарлық сезіммен атап өтті, сондай-ақ Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Korea EximBank кредиттік желісін ашудың орындылығы атап өтілді.

2018 жылғы қарашада Даму Банкі Мәскеу қаласында «Еуразиялық экономикалық интеграция» ХІІІ халықаралық конференциясына қатысты, онда сауданы қаржыландыру және интеграция процестерін қолдаудағы экспорттық агенттіктердің рөлі талқыланды.

2017 жыл. 2016 жылғы 26 қазаннан бастап 2017 жылғы 25 қазанға дейін - Қазақстанның Даму Банкі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Банкаралық бірлестігін (бұдан әрі – ШЫҰ БАБ) басқарды. Осы кезеңде ҚДБ ШЫҰ БАБ-қа мүше банктердің сарапшылары мен үйлестірушілерінің кеңесін, ШЫҰ БАБ Кеңесінің отырысын және ШЫҰ Банкаралық Бірлестігінің және ШЫҰ Іскерлік Кеңесінің Форумын өткізді.

Банктің ұйымға төрағалық ету кезінде ШЫҰ БАБ 2017-2021 жылдарға арналған одан әрі Даму стратегиясы қабылданды, сондай-ақ бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, Жібек жолы қорымен әріптестік қарым-қатынастардың негіздері туралы, экспорттық қаржыландыруды қолдау бойынша Қазақстанның Даму Банкі мен РФ Внешэкономбанктің арасындағы өзара түсіністік туралы, Қазақстанның Даму Банкі мен РСК Банкі ААҚ арасындағы экспорттық қаржыландыруды қолдау бойынша өзара түсіністік туралы, Қазақстанның Даму Банкі мен Беларусбанк АЖБ ААҚ арасындағы экспорттық қаржыландыру бойынша өзара түсіністік туралы.

2017 жылғы 14 желтоқсанда ҚДБ Қазақстан эмитенттері үшін 100 млрд теңге сомасына деноминацияланған дебюттік еуробондтардың бұқаралық шығарылымын (шетелдік және отандық инвесторлардың кең шеңберіне арналған) жүзеге асырды. Қағаздар эмиссиясы көлемінің 98% халықаралық инвесторлар сатып алды.

2016 жыл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Польшаға ресми сапары барысында ҚДБ Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды күшейтуге және кеңейтуге бағытталған "Bank Gospodarstwa Krajowego" Польша Мемлекеттік Банкімен ынтымақтастық туралы Негіздемелік Келісімге қол қойды. Негіздемелік Келісімде 300 млн. EUR дейінгі сомаға бірлескен жобаларды іске асыру көзделеді.

Сондай-ақ, биылғы жылы "ҚДБ-Лизинг" АҚ (ҚДБ еншілес ұйымы) "Исткомтранс" ЖШС темір жол жүк тасымалын ұйымдастыру үшін вагон-цистерналарды жеткізу бойынша жобаны ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ашты.

1,1 млрд теңгеден астам көлемдегі мәміле ислам лизингі – "Иджара" шартымен қаржыландырылған алғашқы жобаға айналды. Қорландыру көзі ТМД елдерінің эмитенттері үшін дебюттік "Сукук" ислам облигацияларын шығару барысында 2012 жылы Банк тартқан қаражат болды.

2015 жыл. ҚДБ 400 млн USD дейінгі сомаға China Expor&Credit Insurance-пен Сақтандырушылық өтеу туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

Банк Sumitomo Mitsui Banking Corporation-мен (SMBC) 37,2 млн USD дейінгі сомаға қарызды тарту туралы келісімдерге қол жеткізді. SMBC қарызы 7 жылға дейінгі мерзімге Банктің инвестициялық жобаларын қаржыландыруды немесе қаржыландыру көздерін алмастыруды қоса алғанда, ҚДБ жалпы корпоративтік мақсаттарына бағытталған. 

2015 жылы Даму Банкі халықаралық Кредиттік нарықтар қауымдастығына (Loan Market Association) кірді. Бұл қадам Банктің инвестициялық жобаларды синдикатталған қаржыландыруды енгізу аясында іске асырылды.

2014 жыл. ҚДБ HSBC Bank plc.-пен түрлі елдердің экспорттық кредиттік агенттіктерін жабу үшін жалпы сомасы 500 млн EUR кредит желісін ашуға негіздемелік келісім жасады.

Банк сондай-ақ "Мемлекеттік мамандандырылған Ресей экпорттық-импорттық банкі" ЖАҚ-пен түрлі салалардағы стратегиялық әріптестікті дамыту туралы, оның ішінде Қазақстан мен РФ компаниялары арасындағы экспорттық-импорттық операцияларды қаржылық қолдау арқылы Ниеттер туралы келісімге қол қойды. 

2013 жыл. The Banker "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ны "жыл мәмілесі-2013" санатында марапаттады. Сондай-ақ, ҚДБ "Сукук "аль-Мурабаха" ислам облигацияларын шығару арқылы малайзиялық нарыққа шығу аясында Азиядағы ең ірі рейтинг агенттіктерінің бірі RAM Ratings марапатына ие болды.

2007 жыл. 2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы қазанға дейін - Қазақстанның Даму Банкі ШЫҰ БАБ басқарды.

2003 - 2011 жылдар. Банк Азия мен Океаниядағы Қаржы Даму Институттары Қауымдастығының (ADFIAP) мүшесі болып табылады және Директорлар кеңесінің құрамына кіреді.