• kz

Биыл Джеруйдың алғашқы құймасы пайда болады

2020_03_13_10.4._Главный корпус ЗИФ.jpg

«AAEngineering Group» ЖШС РФ, Батыс Еуропа және ҚХР-дағы жетекші инжинирингтік және құрылыс компанияларымен халықаралық нарықта табысты бәсекелесуде.

Атап айтқанда, 2018 жылдан бастап «AAEngineering Group» ЖШС (бұдан әрі-Компания) Қырғыз Республикасындағы ең ірі өңделмеген Джеруй алтын кен орнында алтын айыру фабрикасын салуды жүзеге асыруда, фабрика құрылысын аяқтау ағымдағы жылдың соңына жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру EPC-келісім – шарт «жабық» - «Күміс кітап»нысаны бойынша FIDIC халықаралық стандарттарына толық сәйкес жүзеге асырылуда. Тапсырыс беруші компаниялар тобының еншілес құрылымы – «Русская платина» - әлемдегі платина тобының жетекші металл өндірушілерінің бірі болып табылады. Көрсетілетін қызметтер экспортының көлемі 40 млрд теңгеден астам, қазақстандық қамту көлемі 20 млрд теңгеден кем емес.

2020_03_15_10.4._Главный корпус ЗИФ (3).jpg

Жобаны іске асыру кезінде Тапсырыс беруші тарапынан   Standard & Poor 's, Fitch сияқты халықаралық рейтингтік агенттіктердің BB+ төмен емес немесе Moody' s бойынша Ba1 төмен емес рейтингісі бар Банк келісімшарты бойынша аванстық төлемді қайтару және міндеттемелерді орындау кепілдіктері талап етілді.

Осылайша, компания осы қаржылық қызметті көрсете алатын және Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін отандық серіктес банкті таңдау қажеттілігіне тап болды. Банк жүйесінің ағымдағы жағдайын ескере отырып, коммерциялық банктер арасында таңдау үлкен болған жоқ және компания «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ға (бұдан әрі-ҚДБ, Даму Банкі) өтініш білдіру туралы шешім қабылдады. Даму Банкі мәмілені қысқа мерзімде кәсіби түрде құрылымдап, жалпы сомасы 37,750 млн. АҚШ доллары болатын банктік кепілдікті шығарды. Қырғызстандағы «Джеруй» кен орнында алтын айыру фабрикасының құрылысы бойынша жұмыстар мен қызметтердің экспорты ҚДБ тарихында қазақстандық қызметтердің экспортын қолдау бойынша алғашқы жоба екенін айта өту керек. Мәміле ҚДБ кепілдіктерін сақтандыруды қамтамасыз ететін негізгі компанияның еншілес компаниялардың бірі – «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ оған қатысатындай түрде құрылымдалған. Қазіргі уақытта жоба бойынша құрылыс жұмыстары 97%-ға аяқталған. Алтын айыру фабрикасының құрылысын аяқтау сатысында және 2020 жылдың 3 -тоқсанында алғашқы алтын құймасын алу жоспарланып отыр.

2020_03_09_10.4._Главный корпус ЗИФ (7).jpg

«AAEngineering Group» ЖШС үшін бұл сыртқы нарыққа шығудың алғашқы қадамы болды және Компанияның алдағы уақыттағы жоспарларында шетелдік нарықтарға қатысуды ұлғайту тұр . Атап айтқанда, Қырғыз Республикасында орналасқан Джамғыр кен орнында 2020 жылы алтын айыру фабрикасын салу туралы келіссөздер жүргізілуде. Жобаның тапсырыс берушісі - Ұлыбританияда тіркелген Global Asia Mining халықаралық компаниясы.

Сонымен қоса, ҚДБ-ның отандық өнім, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілетуге арналған бірқатар құралдары, оның ішінде компания Джамғыр кен орнында жобаны іске асыру кезінде пайдалану жоспарланып отырған импорттаушыға кредит беру жоспары бар.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79