• kz

Баспасөз хабарламалары

Fitch ҚДБ рейтингін BBB деңгейінде растады

ҚДБ рейтингі Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне теңестірілген, бұл Fitch талдаушыларының қаржы институтын мемлекет тарапынан қолдау туралы пікірін көрсетеді.

Сондай-ақ Fitch хабарламасында ҚДБ Қазақстанның шикізат ресурстарына тәуелділігін төмендету үшін шикізаттық емес секторларды дамытуды қаржыландыруға уәкілетті елдің негізгі даму институттарының бірі ретінде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

«Fitch агенттігінің Банк рейтингтерін растауы біздің қаржы институтымыздың тұрақтылығын және оның Қазақстан экономикасының дамуын қолдау үшін атқаратын маңызды рөлін айқындайды. ҚДБ бұдан әрі өңдеу өнеркәсібі мен экспорттаушылар үшін қолжетімді қаржы ұсыну жұмысын жалғастырады», – деп түсініктеме берді ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева.

Айта кетейік, ҚДБ басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктердің рейтингіне ие: Moody's – «Baa2» және S&P – «BBB-».

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79