• kz

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Банк қызметіндегі бұзушылықтар туралы БҚДА хабарламасына қатысты ресми мәлімдемесі.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) 2023 жылғы 15 наурызда жарияланған «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) жұмысында анықталған бұзушылықтар туралы хабарламасына қатысты Банк өз қызметін қатаң түрде Қазақстан Республикасы заңнамасының және Банктің жобаларды қарау және қаржыландыру жөніндегі ішкі актілерінің талаптарына  сәйкес жүзеге асыратынын хабарлайды.

Агенттіктің 2023 жылғы 15 наурыздағы хабарламасын қарау нәтижелері бойынша Банк заңнамада белгіленген мерзімде Агенттікке объективті ақпаратпен және қажетті түсіндірмелермен жауап беретін болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79