• kz

Қазақстанның Даму Банкі ШЫҰ Банкаралық бірлестігіне төрағалық етеді

2023 жылғы 26 сәуірде Үндістанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Банкаралық бірлестігі кеңесінің (ШЫҰ БАБ) XIX отырысы өтті. Іс-шараға Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан ШЫҰ Банкаралық бірлестігіне мүше банктер қатысты.

БАБ кеңесінің отырысы Үндістанның Лимитед инфрақұрылымдық қаржы компаниясының төрағалығымен өтті. Мүше банктер экономиканың басым салаларында, оның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістер, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, ұлттық экономикалардың цифрлық трансформациясын дамыту саласында бірлескен жобаларды іске асыруға баса назар аудара отырып, ШЫҰ БАБ әлеуетін одан әрі дамыту қажеттігін талқылады.

ҚДБ қатысушы мемлекеттердің даму институттары мен жүйе құраушы банктер өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, олардың барысында қаржы институттарының басшылары өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тартудың, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты жақсарту мен әртараптандырудың тәжірибелік аспектілерін талқылады.

Бірлестікке қатысушылардың жалпы шешімімен ШЫҰ БАБ кеңесінің 2023 жылғы 26 қазаннан 2024 жылғы 25 қазанға дейінгі XX отырысына төрағалық ету Қазақстанның Даму Банкіне берілді.

Анықтама үшін:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты. Банктің негізгі мақсаттары - мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру; өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту; ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы Банкаралық бірлестігі (ШЫҰ МБО) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің 2005 жылғы 26 қазанда ШЫҰ-ға мүше елдердің экономикалық кеңістігінде инвестициялық жобаларды қаржылық қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету тетігін құру туралы шешімін орындау үшін құрылды.

ШЫҰ БАБ қызметінің негізгі бағыттары - инвестициялық жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру, ШЫҰ диалогы бойынша бақылаушы және серіктес мемлекеттердің уәкілетті қаржы институттарымен өзара іс-қимылды дамыту, ШЫҰ кеңістігінде жұмыс істейтін жетекші экономикалық құрылымдармен (ШЫҰ Іскерлік кеңесі, Еуразиялық Даму Банкі) ынтымақтастық , тәжірибе алмасу және кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық .

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі:

Телефон: 8 (7172) 79 26 08

Сайт: www.kdb.kz

E-mail: pressa@kdb.kz

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79