• kz

ҚДБ ЖЭК іскерлік фестиваліне қатысты

Қазақстан Даму Банкі Басқарма Төрағасының орынбасары Марат Елібаев QazaqGreenFest 2023 жаңартылатын энергия бойынша халықаралық іскерлік фестивальге қатысты.

Ол Қазақстандағы «Жасыл» қаржыландыру:  ЖЭК жобаларын қолжетімді қаржыландыру құралдарын дамыту перспективалары» сессиясында спикер ретінде сөз сөйледі. Марат Елібаев өз баяндамасында ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі тобына кіретінін және Банк инвестициялық жобалар үшін құралдардың кең спектрін: стандартты қаржыландыру ғана емес, сонымен қатар үлестік қаржыландыру, кепілдіктер беру, лизингтік операциялар және т.б. ұсынатынын еске салды.

«ҚДБ «жасыл» жобаларды – ЖЭК ғана емес, жалпы шығарындыларды азайту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру кезінде Қазақстанға инвестиция тарту үшін халықаралық қаржы институттарымен және екінші деңгейлі банктермен синдикаттарды құруға және бірлесіп қаржыландыруға ашық. Біздің миссиямыз – өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымды дамыту және біз мұны барынша экологиялық таза түрде жасауға ниеттіміз», - деді Марат Елібаев.

ЖЭК секторын қамтитын инфрақұрылым саласындағы жобаларды қаржыландыру ҚДБ жалпы несие портфелінің 23 пайызын құрайтынын атап өткен жөн. Банк қолдаған ЖЭК жобаларының жалпы белгіленген қуаты 560 МВт-қа жетеді. Бұл 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы Қазақстандағы барлық осындай жобалардың қуаттылығының төрттен біріне дерлік сәйкес келеді.

 

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79