"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) және Қытай экспортты және кредиттерді сақтандыру корпорациясы (China Export and Credit Corporation, бұдан әрі – SINOSURE) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Серіктестік шарттарын анықтайтын құжатқа екі компанияның басшылары қол қойды.
"Бұл ынтымақтастық Қытайдан келген компаниялармен және инвесторлармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. SINOSURE жоғары деңгейлі сақтандыру бізге тиімді шарттармен өңдеу өнеркәсібінің жобаларына шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді",– ҚДБ Басқарма Төрағасы Нұрлан Байбазаров пікір білдірді.
SINOSURE өз тарапынан сақтандыру полистерін, шетелдік инвестицияларды сақтандыру полистерін және Қытай кәсіпорындары қатысатын экспорт және жобалар бойынша ҚДБ-мен ынтымақтастықта кепілдіктерді қоса алғанда, қолдау көрсетуге дайын.
ҚДБ мен SINOSURE бірлескен табысты жұмыс тәжірибесіне ие – компаниялар Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру жөніндегі жобаны іске асыруға қатысты. Sinosure Басқарма Төрағасы Сун Шугуан атап өткендей, бұл мәмілені халықаралық сарапшылар 2017 жылы ең үздіктердің бірі деп таныды.
Sinosure-дің Қазақстанға сапары және қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың мамыр айында ҚХР-ға сапарының нәтижесі болды.
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Қоғаммен байланыс қызметі:
Телефон: 8 (7172) 79 26 08
Сайт: www.kdb.kz
E-mail: pressa@kdb.kz