• kz

«Бәйтерек» холдингінде орта бизнесті қолдаудың жаңа құралдары талқыланды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ орта бизнес жобаларын қолдау құралдарын дамыту жұмысын жүргізуде. Атап айтқанда, екінші деңгейдегі банктер арқылы орта бизнеске берілетін қарыздар үшін кепілдік берудің жаңа тетіктерін қалыптастыру жалғасуда.

ҚДБ ұсынып отырған жаңа тетіктер жобаларын ЕДБ, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Бәйтерек» холдингінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелде таныстырды.

«Банк Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын ескере отырып, ЕДБ-ға кепілдік берудің жаңа тетіктерін ұсыну арқылы орта бизнесті қолдау шараларын әзірлеуді бастады. Біздің мақсатымыз – басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде ЕДБ-нің кредиттік қаражатына орта бизнестің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін осы тетіктерді кеңейту», - деп атап өтті кіріспе сөзінде ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.


Марат Талгатович БВУ.jpg


Өз кезегінде Банктің басқарушы директоры Жанат Аңсағанова кездесуге қатысушыларға кепілдік беру тетіктерінің түрлі нұсқаларын ұсынды. Мемлекеттің қолдауымен кепілдендірудің жаңа тәсілдерін енгізу нәтижелері орта бизнестің ұзақ мерзімді кредиттеу көздеріне қолжетімділігін кеңейту болады, бұл экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға және экономикалық өсімді қамтамасыз ететін инфрақұрылымды құруға үлес қосуға мүмкіндік береді, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық әсер – жаңа жұмыс орындарының пайда болуы мен бюджетке салық түсімдерінің ұлғаюын қалыптастырады.


WhatsApp Image 2024-02-08 at 19.02.12.jpeg


Тұсаукесерден кейін Банктің ұсынған кепілдік беру тетіктері бірлесіп талқыланды және тараптар орта бизнесті несиелендіру құралдарын іздеу және жетілдіру бойынша жұмыс одан әрі жалғасады деп келісті.


Фото встречи с БВУ.jpg


Кездесуге ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Банк RBK» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Jusan Bank» АҚ, «Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп Банкі» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазақстан-Зираат Интернешнл Банкі» ЕБ» АҚ, «ВТБ-Банк Қазақстан» АҚ ЕҰ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Bereke Bank» АҚ және «Нұрбанк» АҚ өкілдері қатысты.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79