• kz

ҚДБ қазақстандық экспортты дамытуға қалай жәрдемдеседі

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ отандық өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспортын жүйелі түрде қолдауды жалғастыруда. 2023 жылы Банктің қаржыландыруының арқасында шетелдік нарықтарға экспорттық жеткізілімдер жасай алған отандық компаниялардың бірқатар жобаларына қолдау көрсетілді.

«Экспорт алдындағы операцияларды қаржыландыру экспортпен айналысатын компанияларға да, осы жұмысты жаңадан бастағандарға да шетелдік нарықтарда жұмыс істеуге ынталандыратын ҚДБ қызметінің маңызды бағыты болып табылады. 2023 жылы бірден бірнеше қарыз алушыларға қолдау көрсетілді, олардың көпшілігі қолдау алу үшін Банкке алғаш рет жүгінді», – деп ҚДБ басқарушы директоры Владимир Ли пікір білдірді.


ayapov-039-028U1438.jpg


Мұндай жобалардың алғашқысы – «Семей цемент зауыты» өндірістік компаниясы» ЖШС-ын экспорт алдындағы қаржыландыру. Кәсіпорын цемент өндіру үшін шикізат пен материалдарды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу үшін 1,2 млрд теңге алды. ҚДБ қолдауы аясында шығарылған барлық өнім экспортқа жіберілетін болады.

Екінші жоба – «Cool Infinity» ЖШС-ның экспорттық операциясы. ҚДБ изотермиялық термос вагондарын өндірумен байланысты шығындарды қаржыландыру үшін несие желісін ашты. Қарыздың жалпы сомасы 4 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ, машина жасау саласында жұмыс істейтін және трансформаторлық жабдық өндірумен айналысатын бірден екі кәсіпорын экспортқа дейінгі қолдауға ие болды. Мәселен, Банк 7 млрд теңге көлемінде несие желісін ұсынған «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-ның жобасы қаржыландыру сатысында. Өз кезегінде, «Кентау трансформатор зауыты» осындай мақсаттар үшін – трансформаторлар өндірісі үшін шикізат пен материалдарды сатып алуға 3 млрд теңге алды.


Уральский трансформаторный завод.jpg


Жеңіл өнеркәсібінде екі жоба бар. Иірілген жіп пен мата шығаратын «AZALA TEXTILE» компаниясы. Банк 2 млрд теңге көлемінде несие желісін ашты. Бұл қаражатқа Литва, Латвия, Германия, Түркия және Ресейге экспортталатын тоқыма өндірісі үшін шикізат сатып алынады.

Осы саладағы тағы бір жоба – жыл сайын шетел нарықтарына Қытай, Ресей және Түркияға 6 мың тоннадан астам мақта-мата және аралас иірілген жіп жіберетін «AZALA Cotton» компаниясы. Қолдау көлемі 2 млрд теңгені құрады.

«Востокмашзавод» АҚ экспортқа жіберілетін болат дайындамасын өндіру үшін шикізат пен материалдарды сатып алуға және қызметтерге ақы төлеуге Банктің несиелік қаражатын алды. ҚДБ қаржыландыру сомасы 6,6 млрд теңгені құрады.

Аталған жобалардың барлығы бойынша қарыз қаражаты 18 айға берілетініне, ал қорландыру көзі ҚДБ-ның 2023-2027 жылдарға арналған өңдеу өнеркәсібі жобаларының айналым капиталын қаржыландыруға арналған бағдарламасы болып табылатынына назар аударамыз. Осы Бағдарламаны іске асырудың арқасында қазақстандық компаниялар қосымша экспорттық түсім және сол арқылы өз өндірісін дамытуға қаражат ала отырып, шетелдік нарықтарды игеру үшін қолжетімді қаражат алады.


Azala.JPG


Бүгінгі таңда ҚДБ жылдық 8%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың экспорт алдындағы операцияларын қаржыландыру үшін жалпы сомасы 34 млрд теңгеге қазақстандық экспорттаушыларды қолдауға әзір. Қарыздың ең төменгі сомасы – 1 млрд теңге.

Кәсіпкерлер қарыз қаражатын экспортталатын өнімді өндірумен байланысты шикізат пен материалдарды сатып алуға, сондай-ақ ағымдағы шығындарды төлеуге жұмсай алады.

Экспорттық (экспорт алдындағы) операцияларды несиелеу туралы толық ақпаратпен ҚДБ сайтында танысуға болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79