• kz

ҚДБ Алматыда өткен «жасыл» қаржыландыру жөніндегі конференцияда өз бастамаларын ұсынды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 13 ақпанда Алматыда өткен «Жасыл қаржыландыру: Еуразиядағы даму, сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» конференциясына қатысты. PwC Kazakhstan және Strategy& компаниясы ұйымдастырған іс-шараға халықаралық және өңірлік қор нарықтары, «жасыл» банктік қаржыландыру саласындағы сарапшылар, сондай-ақ халықаралық даму институттарының, корпоративтік және банк секторының өкілдері жиналды.

«Жасыл борыштық қаржыландыру көлемін арттыру» панельдік сессиясында ҚДБ басқарушы директоры Дина Жанәділ баяндама жасады. Ол өз сөзінде Банктің тұрақты даму саласындағы қызметін таныстырды.

Дина Жанәділ Банктің жаңа стратегиясы экономиканың өсуіне тұтастай ықпал ететін экономиканың шикізаттық емес секторы мен инфрақұрылымын дамыту арқылы Банктің Қазақстан экономикасына қосқан үлесін ұлғайтуға негізделгенін атап өтті.

«Банктің жаңа ұзақ мерзімді стратегиясы аясында негізгі стратегиялық бағыттардың бірі тұрақты даму болып табылады. Осы бағыт шеңберінде Банк өз қызметіне ESG қағидаттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізеді. Оның ішінде қарыз алушылар үшін ESG критерийлері әзірленді, KASE және AIX-те «жасыл» облигациялар шығарылды, Sustainable Fitch-тен алғашқы ESG рейтингі алынды. Сондай-ақ жаңартылатын энергия саласындағы жобаларды қоса алғанда, «жасыл» жобалар қоржынын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - дейді Дина Жанәділ.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Қазақстанның Даму Банкі Банктің Қазақстан экономикасына қосқан үлесін кеңейтуге, активтерді басқару тиімділігін арттыруға және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған 2024-2033 жылдар кезеңіне арналған жаңа даму стратегиясын бекітті.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79