• kz

ҚДБ Катардың қаржы институттарымен серіктестікті кеңейтеді

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Катар Мемлекетіне мемлекеттік сапары аясында еліміздің іскер топтарының өкілдерімен дөңгелек үстелге қатысты. ҚДБ делегациясы қаржы институттарымен бірқатар кездесулер өткізіп, Катардың Masraf Al Rayan банкімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат Қазақстан мен Катар арасындағы сауда және инвестициялық ағындарды ынталандыруға бағытталған.


uzba3e6ksenl517p7ff01ee577uagrmj.jpg


«Даму Банкі шетелдік қаржы институттарымен стратегиялық серіктестікті дамыту бойынша өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін біз Катардың Masraf Al Rayan банкімен бірлескен жобаларды іске асыруда бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға жол ашатын меморандумға қол қойдық. Біздің ынтымақтастығымыз Қазақстан мен Катардың экономикалық байланыстарын нығайтатынына сенімдіміз», - деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Құжатқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен іскер топтардың өкілдерімен өткен дөңгелек үстел барысында қол қойылды.

Бұл құжат Қазақстан мен Катар компаниялары арасында байланыс орнату мен кеңейтуге жәрдемдесу, жаңа мәмілелер мен олардың арасындағы ынтымақтастықты қолдау сияқты ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін екі тарап ынтымақтастығының негізгі қағидаттарын айқындайды. Сонымен қатар, құжат исламдық қаржыландыруды ұсыну арқылы екі елдің кәсіпкерлері бірлесіп жүзеге асыратын жобаларды қолдау мүмкіндіктерін зерттеуге ықпал етеді.


WhatsApp Image 2024-02-14 at 18.59.12.jpeg

Сондай-ақ, сапар аясында ҚДБ делегациясы бөлшек, корпоративтік және инвестициялық банк операциялары саласында жұмыс істейтін «Катар Ислам Банкімен» кездесулер өткізді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79