• kz

Қазақстанның Даму Банкі – Qyzyljar Investment Forum 2024 қатысушысы

ҚДБ «Qyzyljar Investment Forum 2024» инвестициялық-құрылыс форумының жұмысына қатысты. Форумның негізгі бағыты өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм және құрылыс индустриясы сияқты өңір экономикасының басым секторларына инвестициялар тартуға арналды.

Форум алаңына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының, Қазақстанның даму институттарының, екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтардың басшылары мен өкілдері жиналды. Бұдан басқа, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және құрылыс индустриясының жетекші салаларында маманданған қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысты. Инвестфорумға Қазақстанның Даму Банкі тарапынан банкир Әсемгүл Құсайынова қатысты.

Форумда ҚДБ өкілдері бизнес-қоғамдастық үшін қолжетімді қолдау құралдары туралы ақпаратпен белсенді бөлісіп, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды іске асыруға қаржыландыру алу мүмкіндіктерін таныстырды.

Солтүстік өңірде агроөнеркәсіптік кешен саласында ҚДБ-ның үш жобасы белсенді іске асырылып жатқанын естеріңізге сала кетейік. Бұл жобаларға «Масло Дел» ЖШС және «BioOperations» ЖШС экспорттық операциялары, сондай-ақ Петропавл қаласында май дақылдарын өңдеуге арналған май экстракциялық зауытын салу бойынша «Масло-Дел Петропавловск» ЖШС инвестициялық жобасы кіреді.

Іске асырылып жатқан жобалардың толық тізімі Банк сайтында мына сілтеме бойынша ұсынылған https://www.kdb.kz/kz/projects/on-financing/.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79