• kz

ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

ayapov-002-028U1359.jpg


«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Басқарма төрағасының орынбасары болып Владимир Евгеньевич Ли тағайындалды. Ол бұған дейін экспорттық қаржыландыру жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған. Жаңа лауазымда ол жобаларды несиелеу бағытына жетекшілік ететін болады. Тағайындау туралы шешімді Банктің Директорлар кеңесі 2024 жылдың 23 ақпанында қабылдады.

Владимир Ли 1985 жылдың 10 маусымында дүниеге келді. 2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2007-2015 жылдар аралығында «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Ақмола филиалында маман, «Темірбанк» АҚ-ның Қарағанды филиалында шағын және орта бизнес бөлімінің бас маманы, «Цеснабанк» АҚ-ның Қарағанды филиалында тәуекел-менеджер, «Темірбанк» АҚ-ның Қарағанды филиалында және «Альфа-Банк» ЕҰ АҚ-да орта бизнес бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2015 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да жобалау дирекциясының несиелік талдаушысы лауазымынан еңбек қызметін бастады, содан кейін клиенттермен жұмыс дирекциясының банкирі, аға банкирі лауазымдарында жұмыс істеді. 2022 жылдың наурыз айынан бастап басқарушы директор қызметін атқарды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Банк Басқармасының құрамы келесідей: Елібаев Марат Талғатұлы – Басқарма төрағасы, Омаров Бақытжан Байділдайұлы – Басқарма төрағасының орынбасары, Әбішева Ботагөз Тоқтағұлқызы – Басқарма төрағасының орынбасары, Шәріпов Әсет Болатұлы – Басқарма төрағасының орынбасары және Владимир Евгеньевич Ли – Басқарма төрағасының орынбасары.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79