• kz

ESG және тұрақты даму күн тәртібі Қазақстанның Даму Банкінің назарында

Бүгін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ алаңында («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) ESG-семинар өтті. Іс-шараның басты тақырыбы – Банк пен оның қарыз алушыларының қызметіне ESG-қағидаттарын енгізу бойынша тәжірибе алмасу. Семинарға «Бәйтерек» Холдингі мен Банктің еншілес ұйымы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері қатысты.


photo1709714273.jpeg


Пікірталас алаңына қатысушылар қаржы секторында тұрақты даму қағидаттарын енгізу мәселелерін, ESG саласындағы халықаралық бастамалар мен жаһандық трендтерді, сондай-ақ осы бағыт бойынша реттеушілердің болжалдарын талқылады.

ҚДБ басқарушы директоры Дина Жанәділ Банк қабылдаған ESG-күн тәртібін ілгерілету жөніндегі маңызды қадамдар туралы айтты. Сонымен, 2019 жылы Тұрақты даму саясаты, 2022 жылы инвестициялық жобаларды бағалау үшін ESG өлшемдері, ал 2023 жылы 2026 жылға дейінгі ESG жол картасы, Банктің 2033 жылға дейінгі жаңа Даму стратегиясы және ESG тәуекелдерді басқару тұжырымдамасы қабылданды.

Сондай-ақ, өткен жылы ҚДБ Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ESG-рейтингін алды және «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін KASE мен AIX алаңдарында «жасыл» облигациялардың екі листингін өткізді. AIX алаңында бағалы қағаздарды орналастыру Орталық Азияда Climate Bonds Initiatives халықаралық стандарттарына сәйкестігі сертификатталған алғашқы «жасыл» облигациялар шығарылымы болды.


photo1709723053.jpeg


2024 жылдың 1 қаңтарына қарай Банк қоржынында жаңартылатын энергия көздері бойынша мақұлданған және қаржыландырылатын жобалардың жалпы көлемі 542 млн АҚШ долларын құрағанын айта кетейік. Қазіргі таңда жел, күн және су электр станцияларын қоса алғанда, бірқатар ЖЭК жобалары қарастырылуда.

ESG-қағидаттарын енгізудің тағы бір маңызды бағыты – корпоративтік басқару және қызметкерлерді басқару. Осылайша, ҚДБ қызметкерлердің ESG маңыздылығын түсінуі үшін тиімді ішкі коммуникацияларды, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, қызметкерлерді оқыту және дамыту бағдарламаларын іс жүзінде іске асырады.

Іс-шара ESG-қағидаттарын түсіну мен компаниялардың қызметіне енгізуді тереңдетудегі маңызды қадам болды. Мұндай іс-шараларды өткізу ҚДБ-ның тұрақты дамуға деген ұмтылысын растайды және бірлескен күш-жігер осы бағыттағы елеулі нәтижелерге әкелуі мүмкін екендігін көрсетеді.


photo1709708372.jpeg


Сондай-ақ, Банк атынан Стратегия және үлкен деректерді талдау департаментінің директоры Перизат Омарова, Қорландыру және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Адина Берікқызы, Техникалық талдау басқармасының басшысы Әлім Қызылбаев, Клиенттермен жұмыс дирекциясының аға банкирлері Төлеген Каренов және Балжан Есенбаева, Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Әлия Тыныбаева, Қаржылық тәуекелдер басқармасының бас тәуекел менеджері Тимур Бижанов, Техникалық талдау басқармасының бас менеджері Назгүл Зейнуллина және Стратегия және үлкен деректерді талдау департаментінің менеджері Сәнімай Итабаева спикерлер ретінде қатысты.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79