• kz

ҚДБ басшысы Қарағанды облысындағы жобалардың іске асырылуымен танысты

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері Қарағанды облысына барды. Іс-сапар барысында ҚДБ және ӨДҚ басшылары Марат Елібаев пен Ринат Гаппаров ҚДБ тобы қоржынындағы жобалардың жұмысымен танысып, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесті. Тараптар өңірдегі инвестициялық жобаларды іске асыру келешегін талқылады.

Визит в Карагандинскую область.jpg

Сапар барысында ферросилиций шығару бойынша «Qaragandy Power Silicon», жолаушылар автобустары мен арнайы техника өндірісі бойынша «QazTehna», автокөлік шиналарын шығару бойынша «KamaTyresKZ» зауыты, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісі бойынша «Silk Road Electronics» сияқты жобалардың жұмысы таныстырылды. ҚДБ тобы қолдаған кәсіпорындарға іс-сапар оларды іске асыру барысымен және даму келешегімен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік берді.

«Даму Банкі өңірлердегі инвестициялық жобаларды қолдауға үлкен мән береді, өйткені бұл экономикалық өсуге және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Қарағанды облысы тарихи тұрғыдан индустриалды дамыған өңір болып табылады және ҚДБ осы саладағы жобалардың бастамашыларымен өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті, бұл Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрақты дамуына жәрдемдесу жөніндегі жалпы стратегияның бөлігі болып табылады», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Бұл жұмыс сапары бүкіл ел бойынша инфрақұрылым мен әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамыту бойынша күш-жігерді біріктіруге бағытталған Банк пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтудағы тағы бір қадам болды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79