• kz

ҚДБ ЖЭК дамыту туралы дөңгелек үстелге қатысты

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) басқарушы директоры Әсем Шакенова 14 наурызда Астанада «Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын қаржыландыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.


Управляющий директор Асем Шакенова.jpg


Ол «QAZAQ GREEN» ЖЭК қауымдастығының, Еуропа қайта құру және даму банкінің, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің өкілдеріне және іс-шараның басқа да қатысушыларына ЖЭК жобаларына арналған Банктің қолдау құралдары туралы ақпарат берді.

Атап айтқанда, Әсем Шәкенова қаржыландырудың негізгі шарттарын еске салды: жобаның сомасы ҚДБ-ның несиелеуі кезінде кемінде 7 млрд теңге немесе синдикатталған қаржыландыру немесе бірлескен қаржыландыру кезінде кемінде 3,5 млрд теңге болуы тиіс, ал несиелеу мерзімі 5 жыл мен 20 жыл аралығында.

«Банк күн және жел электр станцияларын іске асыру жөніндегі өз құзыретін ескере отырып, ЖЭК жобаларын қарастыру процестерін жеңілдету мақсатында техникалық және маркетингтік сараптама бойынша сыртқы сараптамалық бағалауды ұсыну қажеттілігі туралы талапты алып тастады», – деп атап өтті Әсем Шакенова.

Сондай-ақ, ол ҚДБ жаңа даму стратегиясында 2033 жылға қарай несиелеудегі инфрақұрылым үлесін 35%-ға дейін, ал қоржындағы «жасыл» жобалар үлесін кемінде 30%-ға дейін ұлғайту мақсатын қойғанына назар аударды.

Айта кетейік, Қазақстанның Даму Банкі 10-нан астам ЖЭК жобасын қолдады. 2024 жылдың 1 қаңтарына қарай осы салада мақұлданған және қаржыландырылатын жобалардың жалпы көлемі 542 млн долларды құрады. Қазіргі таңда жел, күн және су электр станциялары сияқты бірнеше жаңа жобалар қарастырылуда.


Общее фото.jpg

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79