• kz

ҚДБ қарыз алушылары су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетуде

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) қарыз алушы компаниялары көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына белсенді көмек көрсетуде. Барлық көмекті компаниялар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі бойынша өз бастамасымен жасауда.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 сәуірде Республикалық штабтың отырысындағы өз сөзінде Мемлекет басшысы келесіні айтты: «Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын. Апаттан зардап шеккен азаматтарға және аймақтарға барынша қолдау көрсету керек. Бұл – дәл қазіргі кезеңде баршаға ортақ міндет».

Банктің қарыз алушылары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын ұстанып, аймақтарды дамытуға белсенді инвестиция салуда. Банк клиенттері ел үшін қиын жағдай туғанда өз отандастарына көмек көрсете отырып, ортақ мәселеге қарсы күресте шынайы бірлік танытады.

Қазіргі уақытта зардап шеккендерге көмек ретінде келесі компаниялар қаражат бөлді:

«Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС және «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС (500 млн теңге), «Еуразиялық топқа» кіретін «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ (400 млн теңге ), «Аллюр Компаниялар Тобы» АҚ (200 млн теңге), Universal Energy (Qazaqstan) тобына кіретін «Mistral Energy» ЖШС және «ЖЕЛ ЭЛЕКТРИК» ЖШС (100 млн теңге).

Қаржылық көмектен басқа, Банктің бірқатар қарыз алушы компаниялары су тасқынының салдарын жою үшін арнайы техника мен адамдарды бөлуде, сондай-ақ компаниялардың еріктілері көмек көрсетуде.

Жақын арада Банктің басқа қарыз алушылары да айтарлықтай қолдау көрсетуге ниетті.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79