• kz
Жадынама
Құжатты жүктеу
Банк келесі себептер бойынша қаржыландыруға өтінімді қараудан бас тартуға құқылы:

1) Өтініш берушінің және (немесе) Жобаның «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Кредиттік саясаты туралы меморандумның ережелері мен шарттарына сәйкес еместігі анықталса;

2) көрінеу жалған ақпарат ұсынылса;

3) қаржыландыруға өтініш берген кезде үшінші тұлғалардан тартылған қарыздар немесе бюджетке төленетін төлемдер бойынша 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен, өтелмеген берешек болса;

4) Өтініш берушінің өзіне, сондай-ақ, қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар Өтініш берушінің лауазымды тұлғаларына, Өтініш берушінің жарғылық капиталының (дауыс беретін акцияларының) 10% және одан да көп үлесін иеленетін ірі қатысушыларға немесе акционерлерге және Өтініш берушінің бенефициарлық иелеріне қатысты экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан «шектеуші факторлардың» болуы анықталса;

5) Өтініш беруші банкротқа ұшыраса, таратылса, оңалтылса;

6) Өтініш берушіге қатысты «ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің сыни деңгейі» орнатылған болса немесе «ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің жоғары деңгейі» анықталған жағдайда іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту туралы шешім қабылданса;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесіне енгізілген халықаралық көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінімдерді қарау жағдайларын қоспағанда, жобалық компания, оның қатысушылары/акционерлері сияқты Өтініш берушінің теріс кредиттік тарихы болса (соңғы 3 жыл ішінде 180 күннен астам мерзімге мерзімі өткен тарихи несие берешегі болса).