• kz

Банкаралық кредиттеу (бұдан әрі – БАК) – бұл ҚДБ-ның түпкілікті қарыз алушыларды екінші деңгейдегі банктер арқылы шарттасқан қаржыландыруы.

Банкаралық кредиттеудің (бұдан әрі – БАК) мақсаты ҚДБ-ның жеке кәсіпкерліктің экономиканың басым салаларындағы жобаларын қаржыландыру, өңдеу өнеркәсібінде жаңа кәсіпорындар құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, қолданыстағы жобаларды қайта қаржыландыру және айналым капиталын толықтыру болып табылады.

2014 жылдың желтоқсанынан бастап ҚДБ 2014-2016 жылдары ҚР Үкіметі бекіткен кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын коммерциялық банктер арқылы қаржыландыруды жүзеге асырады:
  1. Өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру (I және II транш);
  2. Отандық автоөндірушілерді қолдау.

Банкаралық қаржыландыру шарттарына сәйкес серіктес банктерге бөлінетін қаражатты қаржы құралдарына және/немесе олармен жасалатын операцияларға, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу үшін валюта нарығына инвестициялауға тыйым салынады. ҚДБ кредиттік ресурстарды игеру барысына және олардың мақсатты пайдаланылуына тұрақты мониторинг жүргізеді.

Өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды кредиттеу (I және IІ транштар)

Үкіметтің 2014 жылғы 05 желтоқсандағы №1276 қаулысымен (1 транш) және 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 қаулысымен (2 транш) бекітілген түпкілікті қарыз алушылар үшін кредит беру шарттары мынадай:

Мақсатты топ өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-дан артық емес
Кредит беру мерзімі 10 жылға дейін
Қарыз валютасы теңге
Негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең 24 ай артық емес
Бір қарыз алушыға арналған қаржыландыру лимиті 7 млрд теңгеге дейін (тамақ өнеркәсібі бойынша лимит жоқ жобаларды қоспағанда)

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен бекітілген 12 серіктес банктердің тізімі: