Желтоқсан
19 желтоқсанда ҚДБ жылдық есебі ESG-ақпаратты ашу бойынша PwC рейтингінің топ-10 тізіміне кірді. 13 желтоқсанда Sustainable Fitch рейтингтік агенттігі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ESG-рейтингін «3» деңгейінен «2» деңгейіне дейін көтерді. Бұған дейінгі көрсеткіш 100-ден 60 балл болса, ендігі кезекте 64 балға дейін жоғарылады. Бұл Банктің, оның қарыз алушыларының қызметіне ESG қағидаттарын енгізу және тұрақты қаржыландыруды дамыту жөніндегі тиімді жұмыстың көрсеткіші.Қараша
15 қарашада «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресіне қатысты. Еліміздің қаржы секторының жетекші мамандары мен өкілдерінің басын қосқан іс-шара «Қаржы секторын ырықтандыру: құқықтар мен міндеттер» тақырыбында болып өтті. Конгресс қаржы секторының тұрақты дамуы және ESG принциптерін енгізу шеңберінде ұйымдастырылды.Маусым
27 маусымда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Green Investment Principles мүшесі ретінде Гонконгта Capacity-building Alliance for Sustainable Investment (CASI) халықаралық ынтымақтастық ұйымының алаңында өткен «Тұрақты қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктерді кеңейту: тұрақты инвестициялар үшін инновациялық қаржылық шешімдер» форумына қатысты 5 маусымда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ «Sustainable Trends Kazakhstan Forum – 2024» форумына қатысып, Банктің және оның қарыз алушыларының қызметіне ESG бастамаларын енгізу тәжірибесін таныстырдыСәуір
16 сәуірде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2 облигация шығарылымын орналастырды: бірінші шығарылым 500 миллион АҚШ доллары, екінші дебюттік шығарылымы тұрақты даму үшін еурооблигациялар 100 миллиард теңге 26 сәуірде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ БҰҰ-ның Жаһандық шартына кірдіНаурыз
6 наурызда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ESG қағидаттарын банк пен оның қарыз алушыларының қызметіне интеграциялау бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ESG семинарын ұйымдастырды 12 наурызда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қазақстан қор биржасы (KASE) өткізетін капитал нарығына қатысушы компанияларды жыл сайынғы марапаттау аясында «ESG облигациялар нарығының көшбасшысы» номинациясында марапатталды 18-19 наурызда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өкілдері Бейжіңге жұмыс сапарымен барды, оның аясында ҚДБ Орталық Азиядағы «Бір белдеу және жол» жасыл инвестициялық қағидаттарына (GIP) қол қойған елдердің тізіміне ресми түрде қосылдыЖелтоқсан
15 желтоқсанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ елдегі алғашқылардың бірі болып Sustainable Fitch-тен «3» деңгейінде жалпы 60 балмен ESG-рейтингін алды 25 желтоқсанда Қазақстанның Даму Банкі CBI сертификаты бар AIX «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына «жасыл» облигацияларды орналастырдыАгенттік ESG рейтингіне оң әсер еткен ESG саласындағы Банктің негізгі бастамаларын атап өтті:
Кеңес ал!