Біздің күнделікті тәжірибемізде біз корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстануға тырысамыз және үздік халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, осы саладағы жақсартулар бойынша үздіксіз жұмыс істейміз.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Банктегі корпоративтік басқару мынадай қағидаттарда құрылады:
Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін сақтаудың сөзсіз басымдығымен қатар Банктегі корпоративтік басқару жүйесі клиенттердің, инвесторлардың, жұртшылықтың және Банк қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Банктің Директорлар кеңесі акционерлердің мүдделерін іске асыруды және құқықтарын қорғауды, Банктің алдында тұрған стратегиялық міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Корпоративтік басқарудың жалпы қабылданған қағидаттарына сүйене отырып, Банктің Директорлар кеңесінің екі мүшесі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жалғыз акционері ұсынған тәуелсіз директорлар болып табылады. 2022 жылы Банктің Директорлар кеңесінің 15 күндізгі және 8 сырттай отырысы өтті, онда 147 қарастырылған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.
Банкте сондай-ақ Банктің Ішкі аудит қызметі, тәуелсіз аудиторлық компаниялардың Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ХҚЕС) сәйкестігіне тұрақты тексерулері жүзеге асыратын сыртқы және ішкі бақылаудың тиімді жүйесі жасалды.
Менеджмент шешімдерінің барынша ашықтығын және негізділігін қамтамасыз ету мақсатында Банк Банктің веб-сайтында, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табатын Банк қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын жақсарту саясатын ұстанады.
Корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі кез келген компания қызметінің тиімділігін дәлелдейді. Сондықтан Даму Банкі осы салада корпоративтік және халықаралық танылған тәсілдерді одан әрі жетілдіру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да (бұдан әрі – Банк) корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасын (бағалауын) 2023 жылғы 2-3 тоқсанда «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС (бұдан әрі – КПМГ) жүргізді. Банктегі корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін бағалауды КПМГ банктегі корпоративтік басқаруды диагностикалаудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес, сондай-ақ ЭЫДҰ корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес жүргізді.
КПМГ бағалау нәтижелері бойынша Банктің корпоративтік басқару деңгейінің үздік практика талаптарына сәйкестігінің жиынтық көрсеткіші 93,1% құрады, КПМГ есебі Банктің Директорлар кеңесінің 06.10.2023 ж. шешімімен бекітілген (№318-2023-16 хаттама).
Корпоративтік басқарудың алдыңғы диагностикасын 2021 жылы Банктің ішкі аудит қызметі жүргізді (89,4%).