«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ бос лауазымдарға үміткерлерге тең мүмкіндіктер ұсынады.
Банк мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдайды және қолайлы жұмыс істеу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге кепілдік береді.
Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу және қарау процесі ашық болып табылады. Іріктеудің негізгі критерийі әрқашан қатысуға шектеусіз біліктілік талаптары болып табылады.
Егер сіздің біліміңіз және/немесе тәжірибеңіз бос орын талаптарына сәйкес келсе, біз міндетті түрде сізбен хабарласамыз.
Негізгі міндеттері:
Аналитикалық мақсаттар үшін деректерді дайындау, оның ішінде деректерді жинау, өңдеу және іріктемелерді қалыптастыру;
Қойылған міндеттер шеңберінде деректер көздерін талдау;
Келісілген бағыттар бойынша аналитикалық жұмыстарды орындау;
Күтілетін кредиттік залалдарды бағалау кезінде қолданылатын модельдерді валидациялау, оның ішінде:
LGD және дефолт ықтималдығы (PD) модельдерінің дискриминациялық қабілетін талдау;
LGD және PD модельдерінің болжам дәлдігін (калибрлеу сапасын) талдау;
PD моделінің тұрақтылығын талдау;
статистикалық тесттер мен болжамдау қателігінің көрсеткіштерін қолдана отырып, EAD моделінің барабарлығын талдау;
Көрсетілген қызметтердің нәтижелері бойынша Тапсырыс берушіге және/немесе Банктің уәкілетті органдарына ұсыну үшін аналитикалық есептер, анықтамалар мен материалдар дайындау;
ESG және климаттық тәуекелдер мәселелері бойынша аналитикалық және зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде климаттық стресс-тестілеуді жүргізудің қолданылатын әдістері мен тәсілдерін сипаттау;
Тараптардың келісімі бойынша шарттың мәні шеңберінде өзге де аналитикалық және зерттеу жұмыстарын орындау.
Талаптар:
Жоғары білім (экономика / қаржы / математика / техникалық немесе гуманитарлық ғылымдар);
Қаржылық, экономикалық немесе салалық талдау, сондай-ақ корпоративтік басқару саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
ҚР банк және қаржы қызметі саласындағы заңнамасын білу;
Қазақ тілін білу — міндетті, ағылшын тілі — Intermediate деңгейінен төмен емес;
MS Office бағдарламаларын жоғары деңгейде меңгеру (Lotus, CRE, Colvir жүйелерін білу құпталады);
Талдау, іскерлік хат алмасу және презентациялар дайындау дағдылары.
Міндеттері:
Нарықтарды талдау және жобалардың коммерциялық пысықталуын бағалауға қатысу;
Статистикалық және аналитикалық деректерді жинау және талдау;
Аналитикалық материалдар мен презентацияларды дайындау;
Банктің құрылымдық бөлімшелерімен және консультанттармен өзара іс-қимыл жасау;
Ішкі сұрауларға жауаптар дайындау;
Жобалардың әлеуметтік және ESG тәуекелдерін бағалауға қатысу.
Талаптар:
Жоғары білім (экономика / қаржы / менеджмент);
Қаржы, талдау немесе есеп саласында жұмыс тәжірибесі;
Big4 компанияларында жұмыс тәжірибесінің болуы немесе кәсіби бухгалтер сертификатының болуы — міндетті;
Халықаралық біліктіліктің (DipIFR / ACCA / CIMA / CFA / CMA) болуы — құпталады;
ҚЕХС, қаржылық талдау және тәуекелдерді басқару саласындағы білім;
Қаржы құралдарын және олардың бағасын белгілеу қағидаттарын түсіну;
MS Office бағдарламаларын сенімді меңгеру (Excel — жоғары деңгей);
Bloomberg / Reuters / KASE жүйелерімен жұмыс тәжірибесі — құпталады;
Ағылшын тілін білу — құпталады.
Міндеттері:
Қаржы құралдарының әділ құнын бағалау;
Мәмілелерді талдау және олардың қаржылық көрсеткіштерге әсерін есептеу;
Өтімділік пен баланс құрылымын талдау және мониторингтеу;
Есептеулер мен модельдеуге қатысу (сценарийлер, стресс-тесттер);
Басшылыққа (Басқарма, Директорлар кеңесі, комитеттер) арналған материалдарды дайындау;
Бағыт бойынша әдіснаманы әзірлеу және жетілдіру;
Процестерді автоматтандыруға және оңтайландыруға қатысу;
Есептілік пен аналитикалық материалдарды дайындау;
Ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау;
Басшылықтың тапсырмаларын орындау.
Негізгі дағдылар:
Қаржылық талдау және модельдеу;
Деректермен және есептілікпен жұмыс;
Нарықтық және өтімділік тәуекелдерін бағалау;
Сыни және стратегиялық ойлау;
Іскерлік коммуникация.
Міндеттері:
Банктің Даму стратегиясын әзірлеу және қажет болған жағдайда түзету бойынша шаралар қабылдау; Стратегия жобасын Банктің Жалғыз акционерімен келісу және Директорлар кеңесімен бекітілуін қамтамасыз ету.
Банктің Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын (Банк Даму жоспарының 4-нысанын) қалыптастыру және Стратегияның орындалуын мониторингтеу.
Банктің Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының (Банк Даму жоспарының 4-нысаны) орындалуын мониторингтеу.
Банктің Жылдық есебін қалыптастыру, оның жобасын Жалғыз акционермен келісу және Директорлар кеңесімен бекітілуін қамтамасыз ету.
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның ESG қағидаттарын Банктің қызметіне енгізу жөніндегі Жол картасын әзірлеу, келісу, түзету және орындалуын мониторингтеу.
Аналитикалық зерттеулер мен есептер дайындау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдерімен, халықаралық рейтингтік агенттіктермен, аудиторлық компаниялармен және басқа ұйымдармен Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау және келіссөздерге қатысу.
Талаптар:
Жоғары білім.
кемінде 3 жыл.
Қазақ тілі: Орта деңгей (B2).
Ағылшын тілі: Орта деңгей (B2).
үнемді басқару, іске адалдық, нәтижеге бағдарлану, инновациялық көзқарас.
MS Office (Word, Excel, PowerPoint), MS Power BI бағдарламаларын және электрондық құжат айналымы жүйелерін жетік меңгерген (жетілдірілген пайдаланушы).
Қойылатын біліктілік талаптары:
Экономика, қаржы немесе құқық саласында жоғары білім;
Кәсіби салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, корпоративтік кредиттеу саласындағы тәжірибесі құпталады;
Экономикалық/қаржылық қызмет саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, ЕДБ-де және корпоративтік кредиттеу саласындағы тәжірибесі құпталады.
Қажетті білім:
Қазақстан Республикасының банк және қаржы қызметі саласындағы заңнамасы;
Инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды қаржыландыру, банкаралық кредиттеу, синдикатталған қарыздар негіздері;
Банктің кредиттік қызмет саласындағы ішкі нормативтік құжаттары.
Қажетті дағдылар:
Іскерлік коммуникация және хат алмасу дағдылары;
Ақпараттың үлкен көлемін жинау, жүйелеу және талдау;
Негізделген қорытындылар мен сараптамалық тұжырымдар дайындау;
Сыни ойлау және ақпаратты объективті бағалау;
Зейінділік, дәлдік, өзін-өзі ұйымдастыру және күйзеліске төзімділік;
MS Office (Excel, Word, PowerPoint) бағдарламаларын сенімді меңгеру;
Қазақ және ағылшын тілдерін білу құпталады.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Кредиттік жобалар шеңберінде шарттарды дайындау, келісу және ресімдеу;
Банктік ақпараттық жүйелерде қаржыландыру құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
Қарыз алушылардың/контрагенттердің қаржылық және қаржылық емес міндеттемелеріне мониторинг жүргізу;
Кредиттік досьелердің сақталуын мониторингтеу және қамтамасыз ету;
Мерзімі өткен шешімдер және қаржыландырудың ерекше шарттары бойынша ақпарат дайындау;
Кредиттік бюролармен өзара іс-қимыл жасау;
Кредиттік әкімшілендіру процестерін оңтайландыруға және автоматтандыруға қатысу;
Ішкі және сыртқы тексеруші органдармен өзара іс-қимыл жасау.
Лауазымдық міндеттері:
Инвестициялық және экспорттық жобалардың барлық кезеңдерінде кредиттік тәуекелдерді бағалау;
Мәмілелерді құрылымдауға және тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу;
Кредиттік портфельге мониторинг жүргізу, оның ішінде рейтингтерді валидациялау және қайта құрылымдау;
ҚЕХС талаптарына сәйкес провизияларды, PD, LGD және қарыздар бойынша ақша ағындарын есептеу;
Кредиттердің кезеңдерін айқындау, Watch-list тізімін сүйемелдеу, тәуекел индикаторларын басқару;
Лимиттерді бақылау және есептеу, ауытқуларды анықтау;
Кредиттік тәуекелдер бойынша есептер дайындау және стресс-тестілеуге қатысу;
Шарттарды келісуге және серіктестермен өзара іс-қимыл жасауға қатысу;
Операциялық тәуекелдерді анықтау және оларды бейінді органдарға беру.
Талаптар:
Жоғары білім (экономика, қаржы, математика);
Кредиттік тәуекелдер, инвестициялық талдау немесе провизияларды қалыптастыру саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
Квазимемлекеттік секторда немесе сабақтас құрылымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.
Қажетті білім мен дағдылар:
ҚР банк саласындағы заңнамасын білу;
Тәуекелдерді басқарудың ішкі саясаты мен әдістемелерін түсіну;
Жобаларды бағалау, провизияларды есептеу және рейтингтерді валидациялау дағдылары;
Реттеуші құжаттарды әзірлеу тәжірибесі;
Ағылшын тілі — Intermediate деңгейінен төмен емес (B2);
Excel, PowerPoint, Access бағдарламаларын сенімді меңгеру; BPM, Simbase, Lotus Notes, Colvir, Bloomberg жүйелерін білу.
Біліктілік талаптары
Экономика және қаржы саласында жоғары білім;
Кәсіби салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
Ұйымның бейініне сәйкес экономикалық қызмет саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
Халықаралық аккредитациясы бар бағдарлама бойынша MBA дәрежесінің немесе экономика және қаржы саласындағы қосымша білімінің болуы құпталады;
Қаржы саласындағы халықаралық сертификаттардың (ACCA, CPA, CMA, CIMA, CFA және т.б.) болуы құпталады.
Қажетті білім
Бухгалтерлік есеп, салық салу, ҚЕХС негіздері;
Қаржы-шаруашылық қызметті және жобаларды талдау негіздері;
Қазақстан Республикасының банк және қаржы қызметі, азаматтық заңнама саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
Банктің ішкі нормативтік құжаттары.
Қажетті дағдылар
Аналитикалық ойлау және ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу;
Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;
Қаржылық модельдеу;
Сараптама жүргізу және тәуекелдерді бағалау;
Мәмілелерді құрылымдау;
Ақпаратты таныстыру және нақты жеткізу дағдылары;
MS Office (Word, Excel, PowerPoint) және электрондық құжат айналымы жүйесін сенімді меңгеру;
Ағылшын және мемлекеттік тілдерді білу құпталады.
Негізгі функционалдық міндеттер
Бизнес-ұсыныс, индикативтік талдау және банктік сараптама кезеңдерінде жобалар бойынша кредиттік талдау жүргізу және мәмілелерді құрылымдау;
Қарыз алушылардың, кепілгерлердің және контрагенттердің қызметіне ағымдағы қаржылық мониторинг жүргізу, алаңдататын белгілерді, тәуекелдерді және жобаларды іске асыру жоспарларынан ауытқуларды анықтау;
Контрагенттер мен кепілгерлердің қаржылық есептілігін талдау, оның ішінде бұрын ұсынылған есептілікпен салыстырғанда елеулі ауытқуларды тексеру;
Контрагенттердің қаржыландыру шарттарын өзгерту туралы өтініштерін талдау және тиісті қорытындыларды дайындау;
Қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалды есептеу және резервтерді қалыптастыру үшін кредиттік құралдар бойынша құнсызданудың объективті белгілерін анықтау;
SPPI-тестінен өтпеген кредиттік портфель мен дебиторлық берешектің әділ құны бойынша болжамды бағалауларды дайындау;
Құзыреті шегінде Банктің ішкі құрылымдық бөлімшелері мен басшылығының сұраулары бойынша ақпарат дайындау;
Ішкі құжаттарды, кредиттік құралдарды және инвестициялық кредиттеу бағдарламаларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу.
Бос лауазымның атауы: «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның тәуелсіз директоры
Компанияның атауы: «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесі (бұдан әрі – Қоғам)
1. Тәуелсіз директорға қойылатын жалпы талаптар
1.1. Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлануға кандидат:
1.1.1. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес тәуелсіз директордың анықтамасына сәйкес келуге тиіс.
1.1.2. Қызметінің көлемі мен сипаты ұқсас Қоғамға тән негізгі мәселелер бойынша жалпы ақпаратты меңгеруге, ұқсас салада/секторда халықаралық тәжірибеге және кандидатурасы ұсынылғанға дейінгі кемінде 2 (екі) жыл кәсіби тәжірибеге ие болуға, сондай-ақ төмендегілерді түсінетінін көрсетуге тиіс:
Қоғамға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды;
ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелестік ортаны.
1.1.3. Корпоративтік басқару және тұрақты даму қағидаттарын білуге тиіс.
1.1.4. Іскерлік және/немесе салалық ортада мінсіз беделге/оң жетістіктерге ие болуға тиіс. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасағаны, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы фактілер болмауға тиіс.
1.1.5. Директорлар кеңесінің жұмысына тек Директорлар кеңесінің отырыстары кезінде ғана емес, сонымен қатар Директорлар кеңесінің отырыстарына арналған материалдарды тиісті түрде зерделеу үшін де жеткілікті уақыт бөлуге тиіс.
1.1.6. Бір мезгілде төрт және одан да көп заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің мүшесі болмауға тиіс.
1.1.7. Соңғы үш жыл ішінде Қоғамның аффилиирленген тұлғасы, сондай-ақ Қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатысты аффилиирленген тұлға болмауға және олардың лауазымды тұлғалары – аффилиирленген тұлғаларымен бағыныстылық қатынастарда болмауға тиіс; соңғы үш жыл ішінде Қоғамның аудиторы болмауға тиіс.
1.1.8. Жыл сайын өзінің тәуелсіздігін растау рәсімінен өтуге және тәуелсіз директор мәртебесінен айырылған жағдайда Қоғамды хабардар етуге тиіс.
2. Арнайы талаптар
2.1. Қаржы, аудит және бақылау саласындағы мамандар болып табылатын тәуелсіз директор лауазымына кандидаттарға қойылатын арнайы талаптар
2.1.1. Экономика және/немесе қаржы саласында жоғары білімінің, сондай-ақ қаржылық менеджмент/қаржылық талдау/бухгалтерлік есеп/салық салу/аудит/тәуекелдерді басқару саласында қосымша білімі/кәсіби сертификатының болуы.
2.1.2. Мамандығы бойынша кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
2.1.3. Қаржы ұйымдарында/холдингтік құрылымдарда/мемлекеттік органдарда/халықаралық қаржы ұйымдарында/қаржылық қызметтерді реттеу саласында басқару органдарында немесе атқарушы органдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің және/немесе қаржылық аудит/комплаенс-менеджмент қызметтерін көрсету жөніндегі ұйымдарда басқару органында/атқарушы органда жұмыс тәжірибесінің/басшы/серіктес ретінде тәжірибесінің болуы.
3. Міндеттерді орындауға қажетті жеке және іскерлік құзыреттер
Міндеттерді орындау кезінде адалдық пен парасаттылық.
Қаралатын мәселелер бойынша объективті, тәуелсіз пікір қалыптастыру қабілеті.
Шешім қабылдау кезінде толық хабардар болу және қажетті құжаттар мен материалдарды жан-жақты зерделеу қабілеті.
Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің жұмысына белсенді әрі кәсіби қатысу.
Қабылданатын шешімдердің тәуекелдері мен ықтимал қолайсыз салдарын бағалай білу.
Іскерлік этиканың жоғары стандарттары.
Корпоративтік жанжалдардың алдын алу және оларды реттеу қабілеті.
Қоғамның және тұрақты даму қағидаттарының мүддесі үшін әрекет ету қабілеті.
Корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару, қаржы және аудит, тұрақты даму мәселелерін, сондай-ақ Қоғам қызметінің салалық ерекшелігін түсіну.
Негізгі мүдделі тараптармен белсенді диалог жүргізу қабілеті.
4. Жұмыс шарттары
Жұмысқа қабылдау нысаны: шарт бойынша
5. Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде мынадай факторлар ескеріледі:
басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;
Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;
еңбек өтілі;
білімі, мамандығы, оның ішінде халықаралық сертификаттарының болуы;
бағыттар мен салалар бойынша кемінде 2 жыл құзыреттерінің/басшылық тәжірибесінің болуы (салалар активтер портфеліне қарай өзгеруі мүмкін);
іскерлік беделі;
тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы;
«Сертификатталған директор» директорының кәсіби сертификатының болуы.
6. Директорлар кеңесіне мына тұлға сайлана алмайды:
Қоғаммен бәсекелес заңды тұлғаның қатысушысы, атқарушы органының басшысы, басқару органының мүшесі немесе қызметкері болып табылатын;
бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданғанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезең ішінде немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейінгі кезеңде осы басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органының бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған. Аталған талап тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жыл ішінде қолданылады;
Қоғамның Жалғыз акционерінің өкілі болып табылатын Директорлар кеңесінің мүшесін қоспағанда, бір мезгілде төрт және одан да көп заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын;
Қоғамның Жалғыз акционерінің өкілі болып табылатын Директорлар кеңесінің мүшесін қоспағанда, бір мезгілде екіден астам заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылатын.
Сондай-ақ ішкі аудит қызметінің, комплаенс қызметінің қызметкерлері және Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің мүшелері бола алмайды.
Атқарушы органның басшысын қоспағанда, атқарушы органның мүшелері Директорлар кеңесіне сайлана алмайды. Атқарушы органның басшысы Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.
Тәуелсіз директор лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар vacancy@kdb.kz электрондық поштасына мына құжаттарды жібереді:
қоса берілген үлгіге сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу туралы кандидаттың өтініші;
кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
қоса берілген нысанға сәйкес кандидат туралы мәліметтер.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 27 тамызды қоса алғанда.
Міндеттері:
Талаптар:
Міндеттері:
Талаптар:
Міндеттері:
Талаптары:
Бос позицияларға конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер бос позицияның атауын міндетті түрде көрсете отырып, түйіндемені vacancy@kdb.kz поштасына жіберу қажет. Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаса конкурсқа қатысу мүмкін емес. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +7 (7172) 792614.
Егер жұмысқа қабылдау кезінде Банк қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне (заңсыз талаптар, парақорлық немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының басқа да белгілері) тап болсаңыз, өтініштеріңізді ерте байқау формасы арқылы жолдауыңызды сұраймыз.
Жеке кабинетте сіз ағымдағы бос жұмыс орындарын қарап, оларға өтінім бере аласыз, сондай-ақ тестілеуден өтіп, сауалнаманы толтыра аласыз.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары тобының өзекті бос жұмыс орындарымен арнайы платформада танысуға болады.
https://jobs.baiterek.gov.kz/kz/ сілтемесі бойынша өту арқылы ағымдағы ұсыныстарды қарастырып, сізді қызықтыратын лауазымға өтініш беріңіз.
Талаптар:
Жоғары білім (IT / ақпараттық қауіпсіздік / техникалық / экономикалық)
IT немесе ақпараттық қауіпсіздік саласында жұмыс тәжірибесі
Ақпараттық қауіпсіздік стандарттарын түсіну (соның ішінде ISO 27001)
Желілік және жүйелік әкімшілендіру негіздерін білу
ҚР Еңбек кодексін білу
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен жұмыс тәжірибесі (SIEM, IDS/IPS, DLP және т.б.) артықшылық болады
Ірі компанияларда / холдингтерде / мемлекеттік құрылымдарда жұмыс тәжірибесі құпталады
Дағдылар:
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін әкімшілендіру
Желілік және серверлік жабдықты баптау
Ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін талдау және тергеу
SIEM, IDS/IPS, DLP, NAC жүйелерімен жұмыс
Құжаттама жүргізу және есептілік дайындау
Міндеттері:
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін әкімшілендіру және сүйемелдеу
АҚ оқиғаларын мониторингтеу және талдау, инциденттерге әрекет ету
Ақпаратты қорғау шараларын енгізу және баптау
Ішкі тексерулер мен аудиттерге қатысу
Нормативтік құжаттаманы әзірлеу және өзектендіру
Қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік бойынша хабардарлығын арттыру (оқыту, хабарламалар, тестілеу)
Жеке қасиеттер:
Нәтижеге бағдарлану
Жауапкершілік
Проактивтілік
Дамуға және оқуға дайындық
Лауазымдық міндеттері
Заңды тұлғаларға берілген кредиттік желілер мен қарыздар бойынша кредиттік операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу, оның ішінде цессия шарттары бойынша берешекті есепке алу, сыйақыларды, комиссияларды және тұрақсыздық айыптарын есептеу, провизияларды қалыптастыру және құнсыздану сатылары бойынша есеп жүргізу (оның ішінде POCI, ЭПС).
Негізгі борышты, сыйақылар мен комиссияларды өтеу кестелерін бақылау, мерзімі өткен берешекті, кредиттік желілер лимиттерін және «Колвир» АБИС-тің «Кредиттер» модуліндегі ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу.
Шоттардың дұрыс ашылуын және кредиттік шарттардың параметрлерін, бухгалтерлік регистрлердің аналитикалық деректерге сәйкестігін бақылау.
Банктік қарыз шарттарын, кепілдіктер мен қамтамасыз етулерді (кепілдер және т.б.), сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды есепке алу.
Кредиттік бөлімшелермен, оның ішінде баланстан тыс және аналитикалық шоттар бойынша тұрақты түрде салыстырулар жүргізу.
Басшылыққа, уәкілетті органдарға, аудиторларға және клиенттерге (оның ішінде қайта құрылымдау сатысындағы жобалар бойынша) анықтамалар, тарқатулар, салыстыру актілері мен түсіндірмелер дайындау.
«Колвир» АБИС модульдерін енгізуге және жетілдіруге қатысу, функционал мен есептілікті жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және сараптауға, түгендеулерге қатысу, сондай-ақ қызмет бағыты бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау.
Кандидатқа қойылатын талаптар
Жоғары экономикалық білім.
Кәсіби бухгалтер сертификатының болуы құпталады; бухгалтерлік есеп және салық салу саласындағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілерді, ҚЕХС-ты (МСФО), сондай-ақ қызмет бағыты бойынша бизнес-процестер құрылымын білу.
Кредиттік бөлімшелердің және қаржы институттарымен жұмыс істейтін бөлімшелердің операциялары бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесі; Банктің ішкі нормативтік актілерін, шарттарын және қызметтік құжаттарын талдау, әзірлеу және сараптау дағдылары.
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл, бейініне сәйкес экономикалық қызмет түрі бойынша кемінде 3 жыл (Холдинг компаниялары тобы мен/немесе мемлекеттік басқару органдарында жұмыс тәжірибесі құпталады).
Мемлекеттік тілді еркін меңгеру, ағылшын тілін орта деңгейде білу.
Нәтижеге бағдарлану, іске адалдық, үнемді ойлау (Lean), бастамашылдық және инновациялық көзқарас.
Дербес компьютерді және кеңселік бағдарламаларды (Word, Excel, PowerPoint) сенімді меңгеру, АБИС және Lotus жүйелерінде жұмыс тәжірибесі.
Лауазымдық міндеттері
Біліктілік талаптары
ІАҚ басшысы лауазымына тағайындауға жол берілмейді:
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Функционалдық міндеттері:
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Функционалдық міндеттері:
Қызметтік міндеттері:
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Кандидатқа қойылатын талаптар
Негізгі міндеттері
Талаптар:
Кәсіби білім мен дағдылар:
Міндеттері:
Міндеттері:
Міндеттері:
Талаптар:
Міндеттері:
Талаптар:
Міндеттері:
Талаптар:
Талаптар:
Міндеттері:
Кандидатқа қойылатын талаптар
Лауазымдық міндеттері
Міндеттері:
Талаптар:
Талаптар:
Міндеттері:
Міндеттері:
Талаптар:
Талаптар:
Міндеттері:
Талаптар:
Міндеттері:
Талаптар
Міндеттері
Жыл бойы Банк жас мамандарды тағылымдауға қабылдауды жүргізеді.
№1 қадам: Сауалнаманы қосымшасына сәйкес толтырыңыз;
№2 қадам: Сауалнаманы vacancy@kdb.kz электронды мекенжайына жолдаңыз, хаттың тақырыбында міндетті түрде «Тағылымдама» деп көрсетіңіз.
1-кезең: Бөлімшенің талаптары мен ерекшелігіне сәйкестік жөніндегі іріктеуді – Адам ресурстарын басқару департаменті өткізеді;
2-кезең: 1-кезеңнен өткен үміткерлер құрылымдық бөлімшенің басшысымен сұхбатқа шақырылады;
3-кезең: Сұхбаттан өткен үміткерлер қажетті құжаттарды жинап, Тағылымдамаға кіріседі.
Егер Сіз Даму банкінде тағылымдамадан өтіп, пайдалы кәсіби дағдылар мен білімді алғыңыз келсе, өтінімді қазір беріңіз!
Кеңес ал!