• ru

Запросы СМИ

Уважаемые читатели!
Команда БРК выражает благодарность читателям, журналистам, клиентам и партнерам за интерес к своей деятельности и оказываемую информационную поддержку. В адрес БРК на постоянной основе поступают запросы от казахстанских и международных СМИ, экспертного сообщества и представителей общественности. С целью обеспечения максимальной открытости и прозрачности своей деятельности, а также укрепления доверия общества к проводимым в БРК реформам, в данном разделе предлагаем ознакомиться с ответами на топ-запросы СМИ.

Ответ на запрос датируется на сайте датой поступления запроса в БРК. При этом сообщаем, что в целях сохранения регламента для подготовки уникального авторского материала ответы публикуются на сайте не ранее, чем через 5 (пять) рабочих дней с момента отправки ответа в СМИ.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ сауалы

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Даму Банкі) Сіздің жеңілдетілген
автонесиелеу бағдарламасына қатысты сұрауыңызды (2022 жылғы 20 сәуірдегі кіріс № 2515) қарастырып, келесіні хабарлайды

Қазіргі таңда ашық көздерден алынған деректерге сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының (ӨКМ) қаражаты есебінен қаржыландырылатын кредит беру бағдарламасы іске қосуға дайындалуда.

«Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы         холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 227 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес отандық өндіріс автомобильдерін сатып алатын соңғы қарыз алушыларды қаржыландырудың негізгі шарттары бекітілді:

·    нысаналы топ – жеке тұлғалар, техникалық регламентке сәйкес экологиялық кластағы отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушылар;

·  кредит түпкі қарыз алушыларға нысаналы пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз ету шарттарында беріледі, оның ішінде:

·    жеңіл автокөліктің 1 бірлігі үшін қаржыландыру сомасы 10 млн

теңгеден аспайды, бұл ретте жеңіл автокөліктің құны 15 млн теңгеден қымбат болмайды;

·   түпкі бір қарыз алушыға қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді;

·   қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

·   бастапқы жарна 0 %-дан басталады;

·   кредит беру валютасы – теңге;

·   түпкі қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4,0 %-дан аспауға тиіс. Бұл ретте түпкі қарыз алушы үшін сыйақының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес 1 айқындалатын жылдық тиімді мөлшерлемесі автокөлікті сақтандыру және ресімдеу (оның ішінде кепілге) бойынша түпкі қарыз алушының шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5 %-дан аспауға тиіс;

· түпкі қарыз алушылар отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сақтандыру және кепілге ресімдеу бойынша шығыстарды төлейді;

· түпкі қарыз алушы қарыз алушының алдындағы міндеттемелерін өтеген кезде қарыз алушының қаражатты нысаналы мақсатына сәйкес және қарыз мерзімі шегінде қайта пайдалануына жол беріледі;

·  түпкі қарыз алушыларды қаржыландыру револьверлік сипатта болады, қолданыстағы кредиттерді өтеуден түсетін төлемдер қарыз алушыларды қаржыландыруға қайтадан жіберіледі.

Жеке тұлғаларды – отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларды қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді шартты қаржыландыру бағдарламасының операторы болып қаулы аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ анықталғанын назарға ала отырып, бағдарламаны іске асыру тетігімен байланысты сауалдарды Өнеркәсіпті дамыту қорына жіберуді ұсынамыз.

Бұл бағдарлама 2015 жылғы 20 сәуірде іске қосылған және операторы Даму Банкі болып табылатын жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасымен байланысты емес екендігін атап өтеміз (аталмыш бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №271 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №792, 2019 жылғы 21 ақпандағы №79 қаулыларына, сондай-ақ «Отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға кредит беру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 79 қаулысына сәйкес әрекет етеді).

Осы бағдарламаны іске асыру бұрынғы шарттарда жалғасатын болады. Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктерден қарыз алу үшін   кезекке тұруға,      автосалондарда      көлік      құралдарының      қолжетімділігіне, автомобильдерді сатып алуға және оларға баға белгілеуге байланысты басқа да   мәселелер   ҚДБ   құзыретіне   кірмейді.   Осыған   байланысты   тиісті сұрақтармен автокөлік нарығының қатысушыларына және екінші деңгейлі банктерге жүгінулеріңізді сұраймыз.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79