• kz

ҚДБ-ның қаржылық қолдауымен Ақтау қаласында халықаралық деңгейдегі қонақ үй ашылды

hotel_3.jpg

ҚДБ бөлген қаражат құрал-жабдықтар сатып алуға және құрылыс-монтаждау жұмыстарына бағытталды.

Ақтау қаласының маңында (қала орталығынан 19 км қашықтықта) жаңа қонақ үй-туристік кешенін салу Орталық Азия өңірінде әлемдік танылған Rixos брендінен «all inclusive» жүйесі бойынша бес жұлдызды сервис ұсынатын жалғыз теңіз демалыс орнын құруға мүмкіндік берді. Кешен Каспий теңізінің жағалауындағы ең үздік, белсенді демалысты (Каспий теңізінің акваториясындағы, Маңғышлақ түбегі мен Үстірт үстіртіндегі саяхаттарды) ұсынады.

Қонақ үй клиенттеріне 462 стандарт және 23 люкс санатындағы бөлмелер, 15 вилла, Water World су ойын-сауық паркі, Rixy балалар клубы, конференц-залдар, іскерлік және жеке кездесулерге арналған бөлмелер, негізгі мейрамхана және екі А' la carte мейрамханасы, SPA-салонының қызметтері, спорт алаңдары, бассейндердің бірнеше түрі және тағы басқалары ұсынылады. Қонақтарға ашық теңіздегі судың температурасына тәуелсіз жағажай демалысы үшін ең қолайлы жағдайды ұсынатын теңіз суын жылыту және сүзу жүйесі бар жасанды лагуна – RIXOS WATER WORLD AKTAU-дың басты ерекшелігі болып табылатын атап өткен жөн. Қонақ үй ашылған сәттен бастап, екі айда Ақтауға 35 мың адам келген.

7M2A3848.jpg

Кешеннің қысқа мерзімде салынғаны және «Rixos» тобының халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келуі теңдессіз жайт екені сөзсіз. Туристік кешеннің алғашқы тасын қалау рәсімі 2019 жылғы 31 мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мырза мен шетелдік инвестордың қатысуымен өткен болатын.

Кешеннің құрылысы кезінде 1 250 жұмыс орны құрылды, ал қонақ үйді пайдалану кезінде жыл мезгіліне байланысты саны 500-ден 700-ге дейін жұмыс орны құрылатын болады. Сонымен қатар, Rixos қонақ үйлер желісі жоғары қызмет көрсету стандарттарына ие, сондықтан жергілікті мамандарды тұрақты оқыту және біліктілігін арттыру жоспарлануда.

коллаж.jpg

«ҚДБ экономиканың түрлі салаларындағы елдің маңызды инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландырады. Аталған көпфункционалды қонақ үй-туристік кешеннің құрылысын қаржыландыру арқылы ҚДБ туристік саланың әлемдік деңгейдегі стандарттарын қалыптастыруға үлес қосады. Бұл кешен тек ішкі нарық үшін ғана емес, сондай-ақ жақын және алыс шетел туристері үшін де тартымды болары хақ. Демалыс кешені қазақстандықтардың ғана емес, шетелдік туристердің де қажеттіліктерін қанағаттандыратынына сенімдіміз. Жоба батыс өңіріндегі қазақстандықтардың көпшілігі үшін 700 жаңа жұмыс орнын құрғанын және аймақ экономикасын әртараптандыруға елеулі үлес қосатынын атап өту маңызды", - деп Даму банкінің Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов пікірін білдірді.

Абай Саркулов.jpg

Жоба логистика және жолаушыларды тасымалдау, тарихи ескерткіштерге, рекреациялық аймақтарға бару, тамақтану қызметтері, кәдесый өнімдерін сату және басқа да көптеген кәсіпкерлік бастамалар тәрізді салаларда өңірдің шағын және орта бизнесінің дамуына серпін бере отырып, мультипликативті әсер беретінін атап өткен жөн.

Маңғыстау туристік аймағы Қазақстан туристификациясының республикалық картасы объектілерінің ТОП-10 енгізілген. Туристік аймақтың болжамды әлеуеті 2025 жылға қарай жылына шамамен 750 мың туристі құрайтын болады. Ақтау қаласынан Құрық паромдық кешеніне дейін Каспий теңізінің жағалауында жағажай туризмін дамыту маңызды бағыт болып табылады.

Қаланың туристік аймағын дамыту мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі тиісті инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөледі, атап айтқанда: «Құрық» паромдық кешені – қолданыстағы автожолды 4 жолаққа дейін кеңейту және Ақтау қаласының электрмен жабдықтау желілерін кеңейту, «Ата жолы» автомобиль жолын қайта жаңарту (51-97 км учаскесі (ІІ кезең), МАЭК – жаңа демалыс аймағының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту, сондай-ақ жаңа демалыс аймағын газбен жабдықтау желілерін салу.

IMG_9392.jpg

Сонымен қатар Жоба Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкестігіне мақұлданған және сырттан келу және ішкі туризмді одан әрі дамытуға, сондай-ақ туризм объектілерінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған туризм инфрақұрылымын құру бойынша іс-шараларға толығымен сәйкес келеді. Аталған қонақ үй-туристік кешенін салу жұмысқа қабылданған жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру есебінен адами капиталды дамытуға және еңбек нарығын дамытуға ықпалын тигізеді.

«Rixos WaterWorld Aktau Ақтау қаласының қонақтары мен тұрғындары үшін үздік дәрежелі демалыс орнына айналды. Қонақтардың жайлылығы үшін барлық жағдайды жасадық. Rixos Hotels желісі – әлемнің кез-келген нүктесінде болсын, үздік дәрежелі қызметімен ерекшеленеді. Ақтаудағы қонақ үйдің тұжырымдамасын әзірлеу кезінде біз, осыны ұстандық. Біздің қонақ үй жыл бойы қонақтарды қабылдайды және Орталық Азиядағы алғашқы «All Inclusive» сервисін ұсынады. Жазда да, қыс кезіндегідей, жергілікті жерлер ерекше көркем", - деп Rixos Water World Aktau қонақ үйінің бас менеджері Махмут Жаримбетов пікірімен бөлісті.

Махмут Жаримбетов.jpg

ҚДБ-ның «Rixos» халықаралық брендімен бұрыннан жұмыс тәжірибесі бар, атап айтқанда 2013 жылы ҚДБ қаржыландырған Rixos Borovoe нысаны табысты үлгі болып табылады. Rixos Borovoe өз сегментінде лайықты орнын алып, қазақстандық және шетелдік туристер арасында үлкен сұранысқа ие болуының арқасында ҚДБ қарызын мерзімінен бұрын өтеген болатын.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) - Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту бойынша 2001 жылы құрылған ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту және қолдау көрсету. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

Rixos Hotels желісі туралы

2000 жылы құрылған Rixos қонақ үйлер желісі – әлемдегі бес жұлдызды люкс санатты қонақ үйлердің жылдам дамып келе жатқан желілерінің бірі.

Сән-салтанатты мінсіз қонақжайлылықты – әрқайсысы ең үздік қонақжайлылық дағдыларын меңгерген, сондай-ақ дәстүр мен жаңаның ең жақсысын біріктірген қызмет көрсету саласының инновациялық тәжірибесі бар әлем бойынша 8000 мыңнан астам кәсіби білікті қызметкерлер қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Rixos өз брендінің атынан нөмірлік қоры - 9000 астам бөлмені құрайтын 25 қонақ үй мен демалыс орындарын ұсынады. Rixos қонақ үйлер желісі жыл сайын 1 миллионнан астам қонақты қабылдайды.

Rixos қонақүйлері қонақжайлылығымен, үздік дәрежелі қызметімен және таңдаулы тағамдарымен танымал, Америкалық Five Star Diamond Award, Conde Nast, World Travel Awards және Great Hotels of the World сияқты танымал кәсіби ұйымдардың әлемдік мойындауы мен жоғары бағасына ие.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79