Банкаралық кредиттеу (бұдан әрі – БАК) - бұл ҚДБ-ның түпкілікті қарыз алушыларды екінші деңгейдегі банктер арқылы шарттасқан қаржыландыруы.
Банкаралық кредиттеудің (бұдан әрі – БАК) мақсаты ҚДБ-ның жеке кәсіпкерліктің экономиканың басым салаларындағы жобаларын қаржыландыру, өңдеу өнеркәсібінде жаңа кәсіпорындар құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, қолданыстағы жобаларды қайта қаржыландыру және айналым капиталын толықтыру болып табылады.
2014 жылдың желтоқсанынан бастап ҚДБ 2014-2016 жылдары ҚР Үкіметі бекіткен кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын коммерциялық банктер арқылы қаржыландыруды жүзеге асырады:
Банкаралық қаржыландыру шарттарына сәйкес серіктес банктерге бөлінетін қаражатты қаржы құралдарына және/немесе олармен жасалатын операцияларға, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу үшін валюта нарығына инвестициялауға тыйым салынады. ҚДБ кредиттік ресурстарды игеру барысына және олардың мақсатты пайдаланылуына тұрақты мониторинг жүргізеді.
Үкіметтің 2014 жылғы 05 желтоқсандағы №1276 қаулысымен (1 транш) және 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 қаулысымен (2 транш) бекітілген түпкілікті қарыз алушылар үшін кредит беру шарттары мынадай:
Мақсатты топ | өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері |
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі | жылдық 6%-дан артық емес |
Кредит беру мерзімі | 10 жылға дейін |
Қарыз валютасы | теңге |
Негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең | 24 ай артық емес |
Бір қарыз алушыға арналған қаржыландыру лимиті | 7 млрд теңгеге дейін (ол бойынша лимит жоқ тамақ өнеркәсібі жобаларын қоспағанда) |
Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен бекітілген 12 серіктес банктердің тізімі:
ҚР Ұлттық Қоры мен Республикалық бюджетінің қаражаты екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) келісілген қаржыландыру арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау үшін жеке тұлғаларға – қазақстандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға кредит беру үшін бөлінеді.
Қаржыландырудың жалпы лимиті – Ұлттық қор қаражатынан 26 млрд теңге, республикалық бюджет қаражатынан 16 млрд теңге және ҚР Ұлттық Банкі қаражатынан 40 млрд теңге.
Екінші деңгейдегі банктерде бағдарлама шеңберінде қарыз беру үшін бос қаражат болған жағдайда, екінші деңгейдегі банктер Даму Банкіне жеке тұлғалардың мақұлданған өтінімдері жөнінде ақпарат жібереді. Даму Банкі ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде келіп түскен өтінімдерді бағдарламаның шарттарына (автомобильдің ең қымбат құны, кредит мерзімі, сыйақының номиналдық ставкасы) сәйкестігі мәніне тексереді және 3 жұмыс күнінің ішінде екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі арнайы шоттан қаражатты есептен шығару мүмкіндігін растайды. ҚР Республикалық бюджетінен және Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі арнайы шоттан қаражатты есептен шығаруды растау рәсімі жоқ.
Жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасының шарттары:
1 автомобильдің құны | 15 млн теңгеден артық емес |
Кредит беру мерзімі | 7 жылдан артық емес |
Қарыз валютасы | теңге |
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі |
жылдық 4%-ға дейін (жылдық тиімді мөлшерлеме (автокөлікті сақтандыру және кепілге рәсімдеу бойынша шығындарды қамтиды) жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс) |
Бағдарламаға қатысатын автоөндірушілердің тізбесі:
Түпкілікті қарыз алушының сатып алуы үшін отандық өндірістің жеңіл автокөлік үлгілерінің тізбесі:
ТОО «СарыаркаАвтоПром» | ТОО «Hyundai Trans Kazakhstan» | ||
---|---|---|---|
1 | JAC S3 | Hyundai Sonata | |
2 | JAC S5 | Hyundai Santa Fe | |
3 | JAC J7 | Hyundai Accent | |
4 | JAC S7 | Hyundai Elantra | |
5 | Ravon Nexia R3 | Hyundai Creta | |
6 | УАЗ Hunter | Hyundai Tucson | |
7 | УАЗ Patriot |
|
|
8 | Chevrolet Niva | ||
9 | Chevrolet Damas DLX |
|
|
10 | Chevrolet Nexia |
|
|
11 | Chevrolet Cobalt |
|
|
12 | Chevrolet Malibu |
|
|
13 | Chevrolet Tracker |
|
|
14 | Chevrolet Trailblazer |
|
|
15 | Chevrolet Equinox |
|
|
16 | Chevrolet Spark |
|
|
17 | KIA Cerato |
|
|
18 | KIA Optima (К5) |
|
|
19 | KIA Rio |
|
|
20 | KIA Sportage |
|
|
21 | Кiа Sorento |
|
|
22 | Kia Seltos |
|
|
23 | Kia Picanto |
|
|
24 | Kia Soul |
|
|
25 | Lada Niva |
|
|
26 |
Lada Vesta |
||
27 | Lada Granta | ||
28 |
Lada Xray |
||
29 | Lada Largus | ||
30 |
Renault KAPTUR/CAPTUR |
||
31 |
Renault ARKANA |
||
32 | Renault Duster |
* «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС автоөндірушісі бойынша модельдер Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы №79 қаулысымен бекітілген Отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушыларды кредиттеу бағдарламасының шеңберінде 2020 жылы Екінші деңгейдегі банктерге берілген 20 млрд.теңге шеңберінде қолжетімді.
Отандық автоөндірушілерді қаржыландыруға қатысатын ЕДБ тізбесі:
Банк | ҚР ҰҚ аясындағы лимит, мың теңге | ҚР РБ аясындағы лимит, мың теңге | ҚР ҰБ аясындағы лимит, мың теңге |
---|---|---|---|
«Еуразиялық банк» АҚ |
7 310 000 |
5 375 000 |
10 000 000 |
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ |
12 045 906,02 |
6 750 000 |
25 000 000 |
«Банк ЦентрКредит» АҚ | 3 830 000 | 3 875 000 |
|
«Forte Bank» АҚ | 1 641 459 | - |
5 000 000 |
«АТФ Банк» АҚ («Jusan Bank» АҚ ЕБ) |
1 400 000 | - |
|
Барлығы |
26 227 365,02 |
16 000 000 | 40 000 000 |
Бағдарлама 20 жылға есептелген және «револьверлік» несиелендіруге негізделген: кредит алған жеке тұлғалардың негізгі борышты өтеуден түсетін қаражат есебінен банктер автомобиль сатып алуға жаңа қарыздар беретін болады.