Банк развития Казахстана
  • kz

Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсуін қамтамасыз ету және Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөлінеді. 

Біз әртүрлі қауымдастықтарға қатысу, халықаралық институттармен өзара іс-қимыл жасау және тұрақты біліктілікті арттыру арқылы басқа да табысты жұмыс істейтін даму институттарының тәжірибесін зерттеуге және жұмыста пайдалануға тырысамыз.

Банктің іскерлік байланыстарын кеңейту тек ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасуға ғана емес, сонымен қатар экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерді тез арада шешу мақсатында елге шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. 

Банк құрылған сәттен бастап Дүниежүзілік банк, HSBC, Merrill Lynch, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ және т.б. ұйымдармен бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.

Халықаралық ынтымақтастық тарихы.

2018
2017
2016
2015
2014
2013
2007
2003

2018 жыл. 2018 жылғы маусымда ШЫҰ БАБ Кеңесінің кезекті отырысы аясында Банк пен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі арасында Банктің инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін Бас келісімге қол қойылды.

Банк Sumitomo Mitsui Banking Corporation Europe Limited, Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ Ltd., Deutsche Bank Hong Kong Branch, Credit Agricole Corporate and Investment Bank-тен тұратын банктердің синдикатымен кредиттік келісім жасады, "Шымкент МӨЗ-ін қайта құру және жа­ңғырту" инвестициялық жобасын қа­ржыландыру үшін Sinosure сақтандыру жабындысымен. Жасалған келісім үшін синдикатталған қарызды тарту бойынша үздік мәміле үшін марапат алынды.

2017 жыл. 2016 жылғы 26 қазаннан бастап 2017 жылғы 25 қазанға дейін - Қазақстанның Даму Банкі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Банкаралық бірлестігін (бұдан әрі – ШЫҰ БАБ) басқарды. Осы кезеңде ҚДБ ШЫҰ БАБ-қа мүше банктердің сарапшылары мен үйлестірушілерінің кеңесін, ШЫҰ БАБ Кеңесінің отырысын және ШЫҰ Банкаралық Бірлестігінің және ШЫҰ Іскерлік Кеңесінің Форумын өткізді.

Банктің ұйымға төрағалық ету кезінде ШЫҰ БАБ 2017-2021 жылдарға арналған одан әрі Даму стратегиясы қабылданды, сондай-ақ бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, Жібек жолы қорымен әріптестік қарым-қатынастардың негіздері туралы, экспорттық қаржыландыруды қолдау бойынша Қазақстанның Даму Банкі мен РФ Сыртқыэкономбанкінің арасындағы өзара түсіністік туралы, Қазақстанның Даму Банкі мен РСК Банкі ААҚ арасындағы экспорттық қаржыландыруды қолдау бойынша өзара түсіністік туралы, Қазақстанның Даму Банкі мен Беларусбанк АЖБ ААҚ арасындағы экспорттық қаржыландыру бойынша өзара түсіністік туралы.

2017 жылғы 14 желтоқсанда ҚДБ Қазақстан эмитенттері үшін 100 млрд теңге сомасына демонирленген дебюттік еуробондтардың бұқаралық шығарылымын (шетелдік және отандық инвесторлардың кең шеңберіне арналған) жүзеге асырды. Қағаздар эмиссиясы көлемінің 98% халықаралық инвесторлар сатып алды.

2016 жыл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Польшаға ресми сапары барысында ҚДБ Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды күшейтуге және кеңейтуге бағытталған "Bank Gospodarstwa Krajowego" Польша Мемлекеттік Банкімен ынтымақтастық туралы Негіздемелік Келісімге қол қойды. Негіздемелік Келісімде 300 млн. EUR дейінгі сомаға бірлескен жобаларды іске асыру көзделеді.

Сондай-ақ, биылғы жылы "ҚДБ-Лизинг" АҚ (ҚДБ еншілес ұйымы) "Исткомтранс" ЖШС темір жол жүк тасымалын ұйымдастыру үшін вагон-цистерналарды жеткізу бойынша жобаны ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ашты.

1,1 млрд теңгеден астам көлемдегі мәміле ислам лизингі – "Иджара" шартымен қаржыландырылған алғашқы жобаға айналды. Қорландыру көзі ТМД елдерінің эмитенттері үшін дебюттік "Сукук" ислам облигацияларын шығару барысында 2012 жылы Банк тартқан қаражат болды.

2015 жыл. ҚДБ 400 млн USD дейінгі сомаға China Expor&Credit Insurance-пен Сақтандырушылық өтеу туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

Банк Sumitomo Mitsui Banking Corporation-мен (SMBC) 37,2 млн USD дейінгі сомаға қарызды тарту туралы келісімдерге қол жеткізді. SMBC қарызы 7 жылға дейінгі мерзімге Банктің инвестициялық жобаларын қаржыландыруды немесе қаржыландыру көздерін алмастыруды қоса алғанда, ҚДБ жалпы корпоративтік мақсаттарына бағытталған. 

2015 жылы Даму Банкі халықаралық Кредиттік нарықтар қауымдастығына (Loan Market Association) кірді. Бұл қадам Банктің инвестициялық жобаларды синдикатталған қаржыландыруды енгізу аясында іске асырылды.

2014 жыл. ҚДБ HSBC Bank plc.-пен түрлі елдердің экспорттық кредиттік агенттіктерін жабу үшін жалпы сомасы 500 млн EUR кредит желісін ашуға негіздемелік келісім жасады.

Банк сондай-ақ "Мемлекеттік мамандандырылған Ресей экпорттық-импорттық банкі" ЖАҚ-пен түрлі салалардағы стратегиялық әріптестікті дамыту туралы, оның ішінде Қазақстан мен РФ компаниялары арасындағы экспорттық-импорттық операцияларды қаржылық қолдау арқылы Ниеттер туралы келісімге қол қойды. 

2013 жыл.. The Banker "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ны "жыл мәмілесі-2013" санатында марапаттады. Сондай-ақ, ҚДБ "Сукук "аль-Мурабаха" ислам облигацияларын шығару арқылы малайзиялық нарыққа шығу аясында Азиядағы ең ірі рейтинг агенттіктерінің бірі RAM Ratings марапатына ие болды.

2007 жыл. 2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы қазанға дейін - Қазақстанның Даму Банкі ШЫҰ БАБ басқарды.

2003 - 2011 жылдар. Банк Азия мен Океаниядағы Қаржы Даму Институттары Қауымдастығының (ADFIAP) мүшесі болып табылады және Директорлар кеңесінің құрамына кіреді.