«Қазақстанның Даму Банкі» (бұдан әрі – Даму Банкі) ұзақ мерзімді Даму стратегиясы Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 14 шілдедегі шешімімен (№156 хаттама) бекітілген және 2023 жылға дейінгі дамудың стратегиялық мақсаттары мен түйінді бағыттарын айқындайды.
2017 жылы Даму Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен Даму стратегиясы сол кездегі ағымдағы макроэкономикалық жағдай мен жаңа бастамаларды ескере отырып, алғаш рет өзектендірілді.
2021 жылы стратегияны екінші рет өзектендіру Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Жолдауымен, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген өзгерістермен, сондай-ақ Даму Банкінің қызметіне елеулі әсер ететін ішкі және сыртқы ортаның өзгерістерімен негізделген.
2023 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес жоспарланған кезеңге арналған Даму Банкі қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары мыналар болып табылады: