• kz

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк, Даму Банкі немесе ҚДБ):

  • 2000 жылғы 28 желтоқсанның Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев №531 «Қазақстан Даму Банкі туралы» Жарлығымен;
  • 2001 жылғы 18 мамыр Қазақстан Республикасы Үкіметінің №659 «Қазақстанның Даму Банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қаулысымен сәйкес құрылған.

Банктің миссиясы

Елдің шикізаттық емес секторын қаржыландыру арқылы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына қолдау көрсету.


Банктің пайымдауы

  • Даму институты бизнеспен әріптестікте жоғары қосылған құны бар бәсекеге қабілетті өнімнің үлесін арттырады, экспортталатын тауарлардың номенклатурасын кеңейтеді, сонымен қатар елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ететін қажетті инфрақұрылымын құрайды.

Мақсаттар

  • мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру мен арттыру;
  • өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту;
  • елдің экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға көмектесу.

Банктің қағидаттары

Даму Банкі өз қызметінде өз пайымдауы мен ағымдағы тұтынушылық қажеттіліктеріне байланысты келесі ұстанымдарды басшылыққа алады:
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының міндеттерімен үйлесімі;
  • жоғары әлеуметтік-экономикалық әсері және жоғары қосымша құны бар жобаларды іске асыру;
  • жобаларды іске асыруға кәсіпкерлер мен инвесторларды тарту;
  • тұрақты дамудың ұстанымдарын ілгерілету;
  • қызметтің заңдылығын қамтамасыз ету, белсенділікті, ашықтықты ұстану.

Құндылықтар

  • Адамдар – ең басты құндылығымыз. Біз үшін қызметкерлердің өзін-өзі танытуы, денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында тұр. Қызметкерлер едәуір жақсы нәтиже көрсетуі үшін біз дұрыс және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын қамтамасыз етеміз.
  • Отансүйгіштік. Біз ел экономикасының дамуы мен өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз. Біз өз ісімізге адалмыз, жарқын болашақты құруға қатыстығымыз бізді шабыттандырады.
  • Жауаптылық. Біз үнемділік принципін, еңбек қызметі барысында жұмсалатын ресурстарды барынша азайту принципін сақтаймыз. Банк қызметінің экология мен қоғамға әсерін ескере отырып, жасыл экономика және тұрақты даму қағидаттарын ұстанамыз.
  • Инновациялылық. Біз жаңа тәсілдерді, инновациялық технологияларды қолдана отырып, жұмыстағы процестерді үздіксіз жақсартуға ұмтыламыз, ойластырылған тәуекелдерге барамыз.  Біздің қызметкерлер өз ойларын еркін айтып, басқа пікірлерді талдай алады және ортақ шешімдерді іздей алады. Біз ойлаудың стандартты емес модельдерін қолдаймыз. Біз өзгерістерге ашықпыз және дайынбыз.
  • Тиімділік. Біз ең жақсы нәтижеге жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз жұмысымызда мүмкін емес ештеңе жоқ деп санаймыз – кез келген мәселелерді белгілі бір ыждағат салып шешуге болады.

31.12.2021 жылғы жағдай бойынша 31.12.2022 жылғы жағдай бойынша
Меншікті капитал, млрд теңге 556,8
614.5
Активтер, млрд теңге 3 741,8
3,942.9    
Таза кіріс/залал, млрд теңге 31,5
34.1
Қызметкерлердің орташа тізімдік саны, бірл. 217

Заңнамалық актілер