Мамандандырылған бөлімшелер мен еншілес ұйымдарға негізгі қызметке ілеспе немесе оған байланысты бағыттарды бөлу арқылы салалық немесе географиялық тұрғыдағы қызметті әлдеқайда терең мамандандырудан пайда алу мақсатында 2015 жылы Даму Банкінің 100% қатысуымен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ еншілес лизингтік компаниясы құрылды. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметі өңдеу өнеркәсібіндегі, өндірістік және көліктік инфрақұрылымдағы инвестициялық жобаларға лизингтік қаржыландыру ұсынуға бағытталған.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметтері орташа және ірі бизнеске арналған, лизинг берушіні қаржыландыру кезіндегі минималды сома 1 (бір) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады, лизинг мерзімі 20 жылға жетеді, сыйақы мөлшерлемесі отандық кәсіпорындар үшін тартымды болып табылады, оған қоса жабдықтар сатып алу, жеткізу, кедендік рәсімдеуді компания өз мойнына алады.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржыландыруға инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде Даму Банкі сияқты қосымша құны жоғары өндірістермен технологиялық байланысты тізбекті қалыптастыратын жобаларға және қазақстандық өндірушілердің әлем нарықтарына шығуы тұрғысынан перспективалы жобаларға артықшылық беріледі.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық лизинг беру бөлігінде бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың операторы және қатысушысы болып табылады.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметі туралы толық ақпарат www.idfrk.kz сайтында орналасқан.
DBK Capital Structure Fund B.V. тікелей инвестициялар қорының құрылуына қатысу арқылы кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру қызметтерін ҚДБ/Өнеркәсіпті дамыту қоры жобаларының аясында капиталдағы үлесті сатып алу арқылы көрсетеді.
Бұл ретте негізгі жобаларды іріктеу критерийлері мыналар болып табылады, бірақ мұнымен шектелмейді:
Қаржыландыру шарттары: