• kz

Адам әлеуетін дамыту Банктің кадрлық саясатының басымды бағыттарының бірі болып табылады. Әлемдік даму институттарымен ынтымақтасудың кең желісінің арқасында Банктің жұмыскерлері шетелдік даму банктерінде және басқа ұйымдарда біліктілігін арттырудан өтеді. Осы мақсатта Банкте Банк жұмыскерлерінің оқытуын және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережелері әзірленген.

Жетекші шетелдік қаржы институттарының озық тәжірибесін ұстана отырып, Банкте «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жұмыскерлерінің іскерлік әдеп кодексі» енгізілген. Жұмыскерлердің кәсіби әлеуетін анықтау және дамыту үшін Жұмыскерлердің аттестаттаудан өту ережелері, Кадрлық резервті қалыптастыру ережелері және т.б. әзірленген.

Банк алдына қойылған міндеттерді шығармашылық түрде шешуге қабілетті аса білікті персонал Банктің басты ресурсы болып табылады. Сондықтан Банкте жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалу мәселесіне ерекше назар аударылады.

Банк қызметкерлері үшін әлеуметтік бағдарламалар:

Банктің барлық жұмыскерлері персоналды ынталандырудың маңызды факторы және Банктің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі болып табылатын медициналық сақтандыруға ие. Банк сонымен қатар жұмыскер еңбек міндеттерін орындаған кезде оның өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі шартты бекітті.

Іскерлік этика қағидаттарын сақтау, Банкте туындайтын әлеуметтік-еңбек дауларын оңтайлы реттеу мақсатында Банк қызметкерлерінің не лауазымды тұлғаларының қатарынан омбудсмен тағайындалады.

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 24 ақпандағы шешіміне (№306-2023-04 хаттама) сәйкес Омбудсменнің міндеттері Әнуар Ғалимоллаұлы Сайденовқа жүктелген.

Жазбаша өтініштерді қабылдауға арналған электрондық пошта: ombudsmankdb@gmail.com