• kz

Бөлім туралы

«Тілдерді дамыту» бөлімі Қазақстанның Даму Банкіндегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, оның мәртебесін нығайтуға және күнделікті қызметте қолданылуын жүйелі түрде дамытуға бағытталған.

Бөлімнің негізгі мақсаты – Банктің корпоративтік мәдениетінде қазақ тілінің қолданысын арттыру, қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеруіне және кәсіби ортада еркін қолдануына жағдай жасау, сондай-ақ тіл мәдениетін қалыптастыру.

Осы бөлім аясында Банкте өткізілетін тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар, бастамалар мен жобалар, қазақ тіліндегі кәсіби терминдер, әдістемелік және пайдалы материалдар жүйеленіп, тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Бөлім Банктің мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы жұмыстарын бір арнаға тоғыстырып, қызметкерлер мен сайт пайдаланушылары үшін қажетті ақпарат пен ресурстарды қолжетімді форматта ұсынуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар мен іс-шаралар

chat-bgov

Кеңес ал!