Экспорттық (экспорт алдындағы) операцияларға кредит беру Қазақстан Республикасының резиденттері орындайтын жұмыстар мен қызметтердің экспортын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімнің экспортын ынталандыруға бағытталған.
Қарыздың ең төменгі сомасы – 1 млрд теңге
Қарыз мерзімі экспорттық операциялар шарттарына байланысты анықталады.
Егер Қазақстанның Даму Банкі қаржыландыру шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен экспорттық операцияларды қаржыландыруға қатысса, онда Даму Банкінің қаржыландырудың ең аз сомасы бойынша шектеу туралы талап қолданылмайды
Әлеуетті қарыз алушылардың өтінімдерін қарау рәсімі 3 кезеңге бөлінді. Құжаттар пакеті толық берілген жағдайда өтінімдерді қараудың жалпы мерзімі 71 жұмыс күнін құрайды