Банк мына басым салалардағы жобаларды қаржыландырады: металлургия, машина жасау, тау-кен өнеркәсібі (өңдеумен бірге), химия және мұнай-химия, фармацевтика, құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ туризм, медицина, білім беру және инфрақұрылым.
Негізгі шарттар: экономикалық маңыздылық, «даму индексінің» жоғары болуы, экспорттық әлеует, қосымша экономикалық ықпал және ESG қағидаттарына сәйкестік.
Инвестициялық жобалар: 7 млрд теңгеден бастап (тамақ өнеркәсібі үшін – 3 млрд теңгеден).
Экспорттық операциялар: 1 млрд теңгеден бастап.
Мерзімдері: инвестициялық жобалар үшін 5 жылдан 20 жылға дейін, экспорттық операциялар бойынша – жеке тәртіппен белгіленеді.
Кеңес ал!