• kz

Тау-кен металлургия өнеркәсібін дамытудағы ҚДБ рөлі

Саркулов Абай.jpg

Мысалы, 2019 жылы ТМК өндірісінің көлемі 7 394,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 11% жоғары және ҚР өнеркәсіп өнімінің жалпы құндық көлемінің 25% сәйкес келеді. Ал республика өнеркәсібіндегі ТМК өнімінің үлесі шамамен 20% құрайды. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің құрылымы) саланы үнемі қолдайды және ТКМ саласындағы жобаларды қаржыландырудың жұмыс құралы болып табылады. ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов ТМКҚ-ға Банктің осы саламен жұмысты қалай жүргізетіні және саланың перспективалары туралы айтып берді.

– Абай Серікұлы, сәлеметсіз бе. ҚДБ өткен жылы ТМК саласында қанша жобаны қаржыландырғанын, ағымдағы жылы динамика қалай өзгергенін (сандық және құндық мәнде) айтып берсеңіз?

–Банктің кредиттік қоржынындағы ең көп үлесті – 33% тау-кен металлургия өнеркәсібінің жобалары алатынын атап өткім келеді. Бұл сала жақсы әлеуметтік-экономикалық әсерге ие: бұл жұмыс орындарын құру, экспортқа бағдарлану және салық аударымдары. Банктің кредиттік қоржынында орташа есеппен ТМК саласында келесі жобалар бар: «YDD Corporation» ЖШС, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «QazCarbon» ЖШС (Казкарбон), «Казцинк» ЖШС, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС, «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты»АҚ. Бұл кәсіпорындарда жалпы саны 31 186 адам жұмыс істейді.

2019 жылы ТМК саласында айтулы оқиға орын алды, Қарағандыда «YDD Corporation» ЖШС-тің жоғары сапалы ферросилиций өндіру бойынша жоғары технологиялық және бірегей зауыты пайдалануға берілді, ол бойынша Банк қаржыландыруды 2018 жылы ашқан болатын. Зауыттың негізгі өндірісі – жоғары сапалы, жоғары сапалы ферросилиций (FeSi75), ол металдардың механикалық және тоттануға төзімділігін жақсарту үшін болат, шойын қорытпаларын өндіру және легирлеу кезінде қолданылады. Ферросилиций өнеркәсіптік, азаматтық құрылыста, кеме, әуе, автомобиль және басқаларында қолданылады. Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына сәйкес, ағымдағы жылдың 8 айында ферросилиций экспорты 5,4 есе өскен және ферросилиций өндірісі бойынша елеулі үлесті «YDD Corporation» ЖШС алады. «YDD Corporation» ЖШС өнімдері жоғары сұранысқа ие және экспорттық бағыттар қазіргі уақытта 38 елге жетті. «YDD Corporation» ЖШС зауыты құрылысының жалпы құны шамамен 92 млн АҚШ долларын құрады. Жоба 2015-2019 жж. ИИДМБ шеңберінде ҚДБ-ның қарыз қаржыландыруын тарта отырып, қазақстандық және еуропалық инвесторлардың жеке қаражаты есебінен толықтай жүзеге асырылды. Банк жылдық 8,9% 11 жыл мерзімге 24,1 млрд теңге қарыз берді. 

фото завода.jpeg

Сондай-ақ, өткен жылы ҚДБ Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының өндірістік қуатын кеңейту шеңберінде «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-тің инвестициялық жобасын мақұлдап, қаржыландыруды ашты. Жобаның жалпы құны 1 260 млн АҚШ долларынан асады. ҚДБ-ның «Kaz Minerals Aktogay» ЖШС-пен ынтымақтастығы 2016 жылғы желтоқсанда, ШҚО-дағы Ақтоғай кен орнында сульфидті кенді қайта өңдеу бойынша байыту фабрикасының құрылысын аяқтау үшін 300 млн доллар сомасына кредит желісін ашу туралы келісімге қол қойылған кезде басталды. 2017 жылдың қазан айында кәсіпорын жобалық өндіріс деңгейіне жетіп, содан кейін зауыттың қуатын екі есе арттыру үшін екінші байыту фабрикасын салу туралы шешім қабылданды. Ақтоғай және Бозшакөл кеніштерінде өндірілетін мыс концентраты күшән және иридий сияқты зиянды қоспалардың болмауынан мыс балқыту компаниялары үшін тартымды.

Bozshakol copper ore HIGH RES.jpg

– Коронавирустық пандемия салдарынан 2020 жылға арналған жоспарлар өзгеріске ұшырады ма?

– 2020 жылы ҚДБ жалпы құны 25 432 млн теңге болатын екі инвестициялық жоба бойынша қаржыландыруды мақұлдап, желі ашты. ИИДМБ аясында ТМК саласындағы инновациялық өндірістің жарқын жобасы – Қарағандыдағы «Qaz Carbon» ЖШС-тің көмірді байыту және қолданыстағы құю өндірісін жаңғырту жөніндегі фабрикасы қаржыландырылды. Өнім желісінде 939 өнім атауы бар. Жобаның жалпы құны 12 млрд теңгені құрайды, ҚДБ 7 жыл мерзімге 9,2 млрд теңге сомасында кредит желісін ашты.

Казкарбоню..jpg

Екінші жоба – «Қазцинк» ЖШС мырыш өнімдерін өндіретін қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және қайта құру. ҚДБ қарызының сомасы 10 млрд теңгені құрады. Қаржыландыру қолданыстағы қуаттарды қолдау, өндірістік бағдарламаны кеңейту мақсатында 50-60-шы жылдардан бастап пайдалануда болған өнеркәсіптік объектілерді жаңғыртуға бағытталды.

казцинк 4.jpg

Бұл ретте, 2020 жылға арналған жоспарға түзету жүргізілмегенін атап өтеміз.

– ҚДБ тау-кен металлургия кешені және металлургия саласында қаржыландыруға арналған жобаларды айқындау туралы шешімді қандай қағидат бойынша қабылдайды, қаржылық тиімді жобаны айқындау процесі қалай жүреді? Қаржыландыру құралын ұсыну шарттары өндірістің өндірілетін өніміне байланысты дербес қалыптасады ма?

– Жалпы алғанда, саланың ТМК үшін жобаларды іріктеуді Банк өңдеуші өнеркәсіптің басқа салаларындағы жобаларды іріктеу сияқты негізгі қағидаттар мен өлшемшарттар бойынша жүзеге асырады. Бірақ, әрине, осы салаға тән жеке ерекшеліктер бар.

Банк үшін ТМК жобаларын іріктеу кезінде, сөзсіз, маңызды критерийлердің бірі шикізат базасына еркін қол жеткізу және оның сапасы болып табылады. Егер шикізат көзі кен орны болып табылса, онда міндетті түрде ҚР Геология комитетінің қорларды бағалау туралы есебі түріндегі баланстық қорлардың құжаттамалық растауы немесе тәуелсіз консультанттардың (JORC) қорларды және олардың параметрлерін растауы қажет.

Егер, мысалы, компанияның негізгі қызметі кен орнын игеру болып табылса, барлауға/өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін айқындау және кредит беру мерзімін жер қойнауын пайдалану құқығының мерзіміне үйлестіру қажет.

Бұл ретте, жер қойнауын пайдалану құқықтарының болуы компанияны жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (жұмыс бағдарламасы) бойынша мемлекеттік органдар алдында белгілі бір міндеттемелерді орындауға міндеттейтіндіктен, келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына (мысалы, қоршаған ортаны қалпына келтіруге арналған резервтер) және олардың жобаны іске асыру тиімділігіне әсеріне және тұтастай алғанда инвестициялардың қайтарымдылығына талдау жүргізу қажет. Тұтастай алғанда, осы секторда бизнестің тік интеграциясы жобалық тәуекелдерді басқаруға ықпал етеді, бұны да жобаларды қарау кезінде ескеру маңызды.

– Тағы не нәрсеге назар аудару керек?

– ТМК жобаларында техникалық қамсыздандыруға ерекше назар аудару керек, мысалы, егер өтініш беруші тек қайта өңдеуге арналған жабдықты алуға өтініш білдірсе, онда өндіру үшін техникалық жабдық бар ма деген сұраққа жауап алу қажет. Таңдалған технологияның бәсекеге қабілеттілігіне, жобаға бейімделу бөлігінде таңдалған технологияны қолданудың орындылығын салыстыруға, жобаның табыстылығына әсер етуіне назар аудару қажет.

Даму институты ретінде Банк үшін сондай-ақ өнімді қайта өңдеу/қайта бөлініс тереңдігі, түпкілікті өнім қосылған құны жоғары өнім болып табыла ма деген мәселелер өте маңызды болып табылады. Және, сөзсіз, Банк өнімнің неғұрлым жоғары бөлінісі бар жобаларға артықшылық береді.

Кез-келген жоба сияқты, ұзақ мерзімді жоспарлау көкжиегіндегі өнімге деген сұраныс перспективалары, сатуды зерттеу, өнімнің сатылуына кепілдік беретін күшті контрагенттермен оффтейк-келісімшарттардың немесе басқа келісімшарттардың болуы маңызды мәселе болып табылады.

Жалпы, іріктеу критерийлері ТМК ерекшелігіне кейбір бейімделуімен барлық инвестициялық жобалар үшін ұқсас екенін қайталаймын.

Бұл ретте, сөзсіз, әрбір жоба үшін Банк инвестициялық идеяның мәніне, оны іске асырудың мерзімдері мен шарттарына және, әрине, Банктің мүмкіндіктеріне қарай жеке шарттарды ұсынады.

–Даму банкінде ТМК саласындағы қандай жобалар орта мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте неғұрлым перспективалы болып есептеледі?

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте ТМК саласында неғұрлым перспективалы деп үш бағытты атап өткім келеді: бұл неғұрлым жоғары қайта бөлініс өнімін шығаруды немесе импортты алмастырудың жоғары әлеуетіне ие немесе экспортқа бағдарланған жобалар. Сондай-ақ, сөз инновациялық технологияларды, оның ішінде Индустрия 4.0 элементтерін пайдалануды көздейтін жобалар туралы болып отыр. Үшіншіден, бұл сирек кездесетін металдарды өндіруге бағытталған жобалар.

– Коронакризиске байланысты, әсіресе қарыздарды қайтармау тәуекелдері бөлігінде жобалардың тұрақтылығын бағалау құралдары өзгерді ме?

– CОVID-19 пандемиясы және іскерлік белсенділіктің жаһандық ұзаққа созылған төмендеуі жекелеген компаниялардың қаржылық тұрақтылығы үшін ғана емес, сондай-ақ барлық елдердің экономикалары үшін, әлемдік экономика үшін де нағыз сынаққа айналды. Дүниежүзілік банктің болжамдарына сәйкес, биыл әлем экономикасы 5,2% қысқарады, ал 2021 жылы әлемдік экономиканың өсуі жанданып, 4,2% жетеді. Алайда, барлық сарапшылар барлық ағымдағы болжамдар аса белгісіздікпен ерекшеленеді және дамыған елдердегі пандемия мен карантиндік шаралардың ұзақтығын, жаһандық сауда-саттық қатынастарының бұзылу ұзақтығын қоса алғанда, жағдайдың даму сценарийлеріне байланысты деген пікірмен келіседі. Егер ТМК туралы айтатын болсақ, онда негізгі тұтынушы-нарық Қытай және солай болып қала береді, ал металл нарығындағы ойыншылардың көпшілігі оның сауда балансына, металл бағасының деңгейіне байланысты. Сондықтан Қытайдың сауда қатынастарының жағдайы және оның экономикасының дамуы әрқашан Банк сараптамасының негізгі фокустарының бірі болып табылады және қала бермек.

Әрине, жобаларды сараптау кезінде белгісіздіктің осындай жоғары факторы жағдайында Банк сондай-ақ біздің қарыз алушыларымыздың нысаналы нарықтарындағы ахуалдың одан әрі дамуының әртүрлі орта мерзімді сценарийлерін ескереді, макроэкономикалық оқиғалардың әсері көрсетіледі, стресс-тесттер жүргізіледі, жобалық өнімге сұраныс пен баға серпінінің нұсқалары модельденеді. Бірақ бұл ретте ҚДБ ұзақ мерзімді кредиттер беретіндіктен, ал пандемия, кез келген дағдарыстар сияқты, уақытша сипатқа ие болғандықтан, ұзақ мерзімді перспективаларды бағалау кезінде де Банк дұрыс көзқарасты ұстанады.

Сондай-ақ, белгісіздік пен нарықтардағы белсенділіктің төмендеуінің маңызды факторынан басқа, пандемия әсерінің басқа жағы бар – бұл жаһандық логистикалық «тізбектердің» өзгеруі, экономикалардың жаһандану қарқынының төмендеуі, барлық елдердің үкіметтері қабылдаған жергілікті өндірушілердің мүдделерін қорғау шаралары, жаңа өнімдер мен салалардың дамуы. Сондықтан жобалардың нарықтық тәуекелдерін сараптау кезінде талданатын факторлардың тізбесі едәуір кеңейді. Тұтастай алғанда, коронакризистің өзі, кез келген дағдарыс сияқты, тек қатер ғана емес, сондай-ақ сараптамалық тәжірибені өсіру, жаңа өзара тиімді шешімдерді, қаржыландыру құрылымдарын іздестіру үшін біздің клиенттерімізбен бірлескен және Банкте де, сондай-ақ қарыз алушы компанияларда да тәуекелдерді басқару жүйелерін нығайту үшін мүмкіндік болып табылады деп айтқым келеді.

– ҚДБ-да ТМК саласындағы жобаларды қаржыландыруға 2021 жылға арналған жоспар белгіленді ме?

– Бүгінгі таңда ТМК саласындағы 2021 жылға арналған алдын ала пайплайн жобалар жалпы қаржыландыру сомасы 1 млрд теңгені құрайтын 5 жобадан тұрады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79