• kz

Moody's Қазақстанның Даму Банкінің ұзақ мерзімді рейтингтерін растады: болжам «тұрақты»

regnum_picture_151694653749494_big.jpg

Moody's сарапшылары осы рейтингтік әрекеттің ҚДБ үшін 2022 жылғы 18 қаңтарда басталған рейтингтерді төмендетуді қарастыру үдерісінің аяқтайтынына назар аударды.

Агенттіктің деректері бойынша ҚДБ рейтингтерін растау «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы Қазақстан Үкіметі тарапынан ҚДБ-ның сыртқы қолдау ықтималдығына қатысты белгісіздіктің төмендеуін көрсетеді. Moody's сарапшылары белгісіздіктің төмендеуі даму институты жүзеге асырған трансформациялық өзгерістерге, атап айтқанда компанияның жоғары басшылығындағы кадрлық тағайындауларға, сондай-ақ несие саясатын қайта бағдарлауға байланысты деп санайды.

Бұдан басқа, ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша тұрақты болжам Moody's-тің капиталдандырудың жоғары деңгейі, тұрақты кірістілік және жоғары өтімділік жиынтығының неғұрлым жоғары инфляция жағдайында активтер сапасының төмендеу және қаржыландыру шарттарының қатаңдану тәуекелдерін теңгереді деген үміттерін көрсетеді.

«Қазақстанның Даму Банкінің ұзақ мерзімді рейтингтерін ықпалды халықаралық рейтингтік агенттіктің растауы және белгісіздік пен жоғары құбылмалылық жағдайында болжамдарды жақсартуы - Даму Банкінің іске асырып жатқан трансформациялық саясатының орнықтылығы мен тиімділігінің жоғары бағасы болса керек. Қазіргі уақытта ҚДБ қызметті реформалауға тұрақты бағыт алды, бұл оның қызметінің ашықтығы мен клиентке бағдарлануын жақсартады», - деп атап өтті Басқарма төрағасы Руслан Искаков.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі ҚДБ ұзақ мерзімді рейтингін тұрақты болжаммен «BBB» деңгейінде растады.

Moody's сараптамалық бағасы бойынша толық ақпарат агенттіктің сайтында мына сілтеме бойынша берілген https://www.moodys.com/research/Moodys-confirms-the-ratings-of-11-financial-institutions-in-Kazakhst...

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) - 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79