• kz

Баспасөз хабарламалары

Нұрлан Байбазаров «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басшысы қызметіне тағайындалды

Байбазаров_Нурлан_Серикович.jpg

2022 жылғы 16 қарашада «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Байбазаров Нұрлан Серікұлын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) Басқарма төрағасы лауазымына тағайындады. Қазіргі қызметіне дейін ол «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ны басқарды.
ҚДБ жаңа басшысын ұжымға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев таныстырды:
«Нұрлан Байбазаров қаржы ұйымдарында жеткілікті жұмыс тәжірибесіне ие, осыған дейін ол Қазақстанның Даму Банкінің еншілес құрылымы Өнеркәсіпті дамыту қорын табысты басқарды. Нұрлан Байбазаровтың жоғары басқарушылық құзыреттілігін, сондай-ақ сөзсіз ҚДБ-ны дамытуда қолданылатын Үкіметтің экономикалық блогындағы үлкен жұмыс тәжірибесін атап өткім келеді». 
Нұрлан Байбазаров 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған. 2004 жылдан 2011 жылға дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет істеді. 2013-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінде экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды. 2016 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды. «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған.
Ақпарат үшін:
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды қаржыландыру мен дамытуға мамандардырылған ұлттық даму институты. 
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі 

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79