• kz

Кепілдік беру

Кепілдік беру – бұл банк клиенттің үшінші тарап алдындағы міндеттемелерін орындауға кепілдік беретін келісімшарттарды/шарттарды қамтамасыз ету нысаны.

Кепілдік беру мақсаты

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде орта бизнес субъектілерінің банктердің несиелік ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ кепілдік беру құралы кеңейтілді

Мақсатты аудитория

ЕДБ кредиттік қаражатын, сондай-ақ басқа да қаржы институттарының қаражатын пайдалана отырып, жаңа өндірістер құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды (оның ішінде жобалық қаржыландыруды) іске асыратын орта бизнес субъектілері.

ҚДБ кепілдік берудің мынадай тетіктерін әзірледі:

Нарықтық жағдайларда ҚДБ кепілдігін берудің қолданыстағы тетігі

Кепілдіктің минималды сомасы:

  • инвестициялық жобаны қаржыландыру кезінде – 7 млрд теңге
  • тағам және сусын өндірісі саласындағы инвестициялық жобаны қаржыландыру кезінде – 3 млрд теңге
  • экспорттық операцияны қаржыландыру кезінде – 1 млрд теңге

Кепілдік мерзімі:

  • инвестициялық жоба бойынша – 20 жылдан аспайды
  • экспорттық операция бойынша – 3 жылдан аспайды, бірақ кредиттік шарттың қолданылу мерзімінен аспайды

Кепілдік беру кезінде тәуекелдер үшін комиссияны төлеу көзі қарыз алушының меншікті қаражаты болып табылады

Кепілдік мөлшері:

Қарыз сомасының 100%-на дейі

Мақсат:

Инвестициялар және айналым қаражатын толықтыру


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 528 Қаулысымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларына сәйкес кепілдік берудің екі қосымша тетігін енгізу көзделген:

  • тәуекел үшін комиссияны субсидиялай отырып, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) кәсіпкерлік субъектілеріне кепілдік беру тетігі;
  • Екінші деңгейдегі банктерге жеңілдікті қорландыруды бір мезгілде бере отырып, ҚДБ кепілдігін беру тетігі.

Қазіргі уақытта аталған құралдар қолданысқа енгізілмеген


Инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялар келесі салаларда кепілдендіруге жатпайды:

  • қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірісі
  • спирттік ішімдіктерді өндіру, дистилляциялау, ректификациялау және араластыру
  • темекі өнімдерін өндіру
  • құрамында есірткі және психотроптық заттар бар тауарларды өндіру
  • көтерме және бөлшек сауда
  • автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу
  • көпфункционалды туристік кешендерді қоспағанда, өнер, ойын-сауық және демалыс
  • геологиялық барлау жұмыстары сатысында



chat-bgov

Кеңес ал!