Банк развития Казахстана
  • kz

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің цифрлық трансформацияға арналған халықаралық конференциясы өтеді

2021 жылғы 23 қарашада гибридті форматта (Нұр-Сұлтан қаласында онлайн және оффлайн) цифрлық трансформацияға арналған ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің халықаралық конференциясы өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушы - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ).
инстаграмм.jpg

2021 жылғы 23 қарашада гибридті форматта (Нұр-Сұлтан қаласында онлайн және оффлайн) цифрлық трансформацияға арналған ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің халықаралық конференциясы өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушы - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ).

Конференция жұмысына ҚДБ және «Даму» КДҚ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ топ-менеджменті, сондай-ақ ШЫҰ БАБ қатысушылары даму институттарының және бірлестіктің негізгі қаржы ұйымдарының өкілдері, атап айтқанда, Үнді инфрақұрылымдық қаржы компаниясы, Қытайдың мемлекеттік даму банкі, РСК Банкі, «ВЭБ.РФ» мемлекеттік даму корпорациясы, Өзбекстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің Ұлттық Банкі, Тәжікстан Республикасының «Амонатбонк» мемлекеттік жинақ банкі, Хабиб банк лимитед, «АСБ Беларусбанк» ААҚ, Еуразиялық Даму Банкі, Моңғолияның Даму Банкі қатысады.

Конференция аясында тараптар цифрландыру, бизнес-процестерді оңтайландыру және IT саласында тәжірибе мен білім алмасады, сондай-ақ келесі мәселелерді талқылайды:
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ бизнес-процестерін цифрлық трансформациялау және оңтайландыру
  • «Қазақстан Республикасының сыртқы саудасына шолу» талдамалық порталының тұсаукесері
  • Бизнеске арналған маркетплейс даму ұйымдарының клиенттік сервисінің және кредиттік үдерісінің сапасын арттыру құралы ретінде, ВЭБ.РФ
  • Цифрлық трансформация дәуірінде бизнесті жауапты жүргізу: ESG-тәуекелдерді төмендетуге арналған цифрлық шешімдер, РФ Президенті жанындағы ЭЫДҰ РХШжәнеМҚА Ресей орталығы
  • ВЭБ. РФ-та жауапты қаржыландыру стандарттарын енгізу
  • ҚР экспорттық-кредиттік агенттігін дамыту, «KazakhExport» ЭСК» АҚ
  • «Даму» КДҚ» АҚ бизнес-процестерін диджитализациялау


Барлық ниет білдірушілерді төмендегі сілтеме бойынша тікелей бейне-қосылу арқылы конференцияның көрермені ретінде қатысуға шақырамыз https://www.kdb.kz/kz/

Конференцияның басталу уақыты: сағат 09:30-да (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79